Қазақстан кадеттер құрамасы Әлем Чемпионатына дайындалуда
Астана қаласы “Boxing development Centre” спорт базасында дзюдодан кадеттер құрамасы Әлем Чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 25 шілдеде басталған оқу-жаттығу жиынында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 45 жас дзюдошы 4 тамызға дейін біліктіліктерін шыңдайды. Кадеттер арасында өтетін Әлем Чемпионатына Қазақстан құрамасынан ШҚО, БҚО, ОҚО, Алматы қаласы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы және Қарағанды облысынан 17 дзюдошы қатысады. Олар:
Ерлер:
-
Ерлан Оңалов (50 кг)
-
Шерзод Давлятов (50 кг)
-
Ермек Амангелді (55 кг)
-
Нұрзат Сәлімбаев (60 кг)
-
Дастан Шаяхметов (66 кг)
-
Марат Заңғар (73 кг)
-
Абылай Өтеуов (73 кг)
-
Серікболсын Шынтас (81 кг)
-
Бекарыс Сәдуақас (-90 кг)
Қыздар:
-
Сара Құлым (40 кг)
-
Айым Жұмағалиева (40 кг)
-
Меруерт Сәрсенова (52 кг)
-
Рауза Нұрмахамметова (52 кг)
-
Ханифа Тугушева (57 кг)
-
Саёра Мырзахметова (63 кг)
-
Кристина Сотникова (63 кг)
-
Гүлвира Бисенғалиева (-70 кг)
Қазақстан кадеттер құрамасын Әлем чемпионатына Ғайнулла Есенғалиев, Бақытжан Төребеков, Зарина Нүсіпбаева, Нұрлан Серікбол сынды білікті бапкерлер бастап барады.
0 пікірлер