Жаңалықтар

17:57 | 22 мамыр 2017
Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг IJF рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Халықаралық дзюдо федерациясы Екатеринбургте өткен «Grand Slam» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. 22 мамырда шығарылған рейтингте қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі дзюдошыларды 3280 ұпаймен көш бастап тұр. Екатеринбургтегі «Grand Slam» турнирінде І орын алған жапониялық Ами Кондо 3231 ұпаймен рейтингте екінші орынға жайғасса, үздік үштікті моңғолиялық Уранцэцэг…
09:55 | 22 мамыр 2017
Дәстүрлі түрде тоғызыншы рет дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» жүлдесіне арналған халықаралық турнир мәресіне жетті. Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Ресей мемлекеттерінің басын қосқан дүбірлі доданың қорытындысында 2002-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында командалық есепте бірінші орынға Ақтау қаласындағы «Жас батыр» спорт мектебінің (4 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль) дзюдошылары ие болды. Екінші…
14:28 | 17 мамыр 2017
Ресейдің Екатеринбург қаласында 20-21 мамыр күндері дзюдодан кезекті халықаралық «Grand Slam» турнирі өтеді. 36 елден 310 дзюдошы тіркелген турнирне Қазақстан құрамасынан 12 спортшы қатысады: Ерлер: 1. Айбек Имашев (60 кг) 2. Асхат Тельманов (60 кг) 3. Әбілхайыр Мауленин (66 кг) 4. Әмірбек Жеңісов (66 кг) 5. Қажымұқан Өтеулиев (81 кг) Қыздар: 1. Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) 2. Әйгерім Төреғожина (48…
02:00 | 15 мамыр 2017
Литваның Каунас қаласында жастар арасында Еуропа Кубогы өз мәресіне жетті. Еуропа кубогында Қазақстан жастар құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен жарысты 3 орынға аяқтады. Қоржынында 5 алтын, 1 күміспен Бельгия медаль саны бойынша бірінші тұрса, екінші орында 2 алтын, 2 күміс және 6 қола медальмен Украина жастар құрамасы тұр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесідей: Алтын - Бауыржан Нарбаев…
23:16 | 14 мамыр 2017
Әзірбайжан астанасы Бакуде Ислам ынтымақтастық ойындарында дзюдо бойынша сайыстар аяқталды. Дзюдошыларымыз Еламан Ерғалиев (+100 кг) пен Гүлдана Әлмұханбетова (52 кг) Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан қоржынына қос қола медалін салып, ел намысын абыроймен қорғады. 52 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Гүлдана Әлмұханбетова Ислам ынтымақтастық ойындарының қола медалін жеңіп алды. Ол алғашқы айналымда түрік қызы Коркам Иремнен 4 вазари ұпайымен жеңілгенімен, жұбаныш…

Әлеуметтік желідегі парақшалар