Бауыржан Нарбаев жастар арасында Азия Чемпионы атанды

20:44 | 15 шілде 2017

Бүгін, 15 шілде күні Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында дзюдодан жастар арасында Азия Чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күнінде 17 елден 177 жас дзюдошылар 8 салмақ дәрежесіне бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Қазақстан құрамасынан татами төріне 13 дзюдошы шығып, 1 алтын, 4 қола медаль алып, медаль саны бойынша 17 ел ішінде 5-орынға жайғасты.

014f69c50af3c07eae6512a5100507e9.jpg

Құрлықтық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлерлер келесідей:

Алтын - Бауржан Нарбаев (55 кг)

Қола – Адия Сайын (44 кг)

Қола – Ғалия Тынбаева (48 кг)

Қола – Нұржамал Жарманова (52 кг)

Қола - Аида Карчаева (57 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар