Галбадрах Отгонцэцэг IJF рейтингінде көш бастады
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Гаагада өткен әлемдік «Grand Prix» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. IJF ережесіне сәйкес, әлемдік «Grand Prix» кезеңінде бірінші орын алған дзюдошыға 700 ұпай, екінші орынға 490 ұпай, үшінші орынға 350 ұпай беріледі.
Жаңартылған рейтингке Қазақстан ұлттық қыздар құрама командасының мүшесі Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік 4880 ұпаймен рейтингте бірінші орынға көтерілді. Екінші орында моңғолиялық дзюдошы Уранцэцэг Мунхбат (4710 ұпай), үшінші орынға сербиялық Мелиса Николич (3793 ұпай) тұрақтаған.
Естеріңізге сала кетсек, 17 қараша күні Гаагадағы әлемдік «Grand Prix» турнирінеде отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміске қол жеткізген болатын.
0 пікірлер