Қазақстандық дзюдошылар «Grand Slam» турниріне қатысады

16:44 | 22 қараша 2017

2-3 желтоқсан күндері Жапонияның Токио қаласында дзюдодан кезекті әлемдік «Grand Slam» турнирі өтеді. 65 елден 452 дзюдошы қатысады деп жоспарланған халықаралық додада Қазақстан намысын үш дзюдошы қорғайды. Олар: Рустам Ибраев (60 кг), Дидар Хамза (81 кг) және Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг).

IJF ережесіне сәйкес, «Grand Slam» турнирінде жеңімпаз атанған дзюдошыға 1000 ұпай, екінші орынға - 700 ұпай, үшінші орынға 500 ұпайдан беріледі.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар