Жаңалықтар

12:10 | 14 тамыз 2017
Қазақстан дзюдо федерациясының төрешілер жөніндегі директоры Мухсин Нұртазин Мұхамадиұлының әкесі Нұртазин Мұхамеди Ғұмарұлының қаза болуына байланысты Қазақстан дзюдо федерациясы қайғырып, көңіл айтады.
04:19 | 12 тамыз 2017
Қазақстандық дзюдошы Серікболсын Шынтас (81 кг) дзюдодан Чилиде кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальға ие болды. Ол жұбаныш белдесуінде тайпейлік Хсу Шиенанды иппонмен жеңіп, қола медаль үшін күресуге ммүмкіндік алды. Маңызды додаданың қола медалі үшін тәжікстандық балуан, кадеттер арасында Азия Чемпионы Маджидов Джохонгирден басым түсті. Естеріңізге сала кетсек, Әлем Чемпионатының екінші күнінде қазақстандық дзюдошы Нұрзат Сәлімбаев (60 кг)…
03:39 | 11 тамыз 2017
Чилидің Сантьяго қаласында кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Нұрзат Сәлімбаев (60 кг) вице чемпион атанды. Финалда ресейлік спортшы Казбек Нагушевке есе жіберген Нұрзат ел қоржынына алғашқы медалді салды. Нұрзат Сәлімбаев алғашқы белдесуінде Алижандро Ретималды (Чили), екінші айналымда Курбонали Базаровты (Тәжікстан), 1/8 финалда Томас Коузо Аспитианы иппонмен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда моңғол дзюдошысы Нармандах Баянмухты иппонмен…
11:19 | 02 тамыз 2017
28 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Венгрия астанасы Будапешт қаласында дзюдодан Әлем Чемпионаты өтеді. Жылдың ең маңызды додасына әлемнің 131 елінен 782 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан ұлттық құрама командасынан ел намысын 18 дзюдошы қорғайды. Ерлер: Елдос Сметов (60 кг) Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) Азамат Мұқанов (66 кг) Елдос Жұмаханов (66 кг) Жансай Смағұлов (73 кг) Азиз Қалқаманұлы (81 кг)…
10:08 | 01 тамыз 2017
Астана қаласы “Boxing development Centre” спорт базасында дзюдодан кадеттер құрамасы Әлем Чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 25 шілдеде басталған оқу-жаттығу жиынында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 45 жас дзюдошы 4 тамызға дейін біліктіліктерін шыңдайды. Кадеттер арасында өтетін Әлем Чемпионатына Қазақстан құрамасынан ШҚО, БҚО, ОҚО, Алматы қаласы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы және Қарағанды облысынан 17 дзюдошы қатысады. Олар: Ерлер: Ерлан Оңалов…

Әлеуметтік желідегі парақшалар