Жаңалықтар
19:52 | 28 тамыз 2018
Бүгін Джакартада дзюдо бойынша Азия ойындарының жеребесі тартылды. Ертең, жарыстың бірінші күнінде татамиге 4 салмақ бойынша балуандар белдеседі. Ерлер: -60 кг, -66 кг; әйелдер: -48 кг, -52 кг;
Елдос Сметовтың (-60 кг) алғашқы қарсыласы индонезиялық Мохаммед Лювис. Оны жеңсе отандасымыз Отар Бестаев (Қырғызстан)\Йонг Джае Ан (Солтүстік Корея) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал Елдос Жұмақанов (-66 кг) болса жарысқа екінші айналымнан қосылады.…
12:30 | 27 тамыз 2018
Қазақстандық дзюдошылар Бекарыс Сәдақас пен Маргарита Гриценко Буэнос Айресте өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады.
Бекарыс Сәдуақас 100 келіге дейінгі, ал Маргарита Гриценко 78 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды. Айта кетерлігі, қазақстандық қос дзюдошы да халықаралық дзюдо федерациясының жасөспірімдер Олимпиада рейтингінде ең жоғары ұпаймен өз салмақтарында көш бастап тұр.
ІІІ Жасөспірімдер Олимпиадасы 6-18 қазан күндері Аргентина астанасы Буэнос Айресте өтеді.
22:59 | 18 тамыз 2018
Бүгін Белоруссия астанасы Минск қаласында дзюдодан ашық Еуропа кубогы басталды. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық дзюдошылар Отгонцэцэг Галбадрах алтын, Есет Қуанов күміс жүлде еншілеп, ел қоржынына екі медаль салды.
48 келіге дейінгі салмақта белдескен бұрымды балуанамыз Отгонцэцэг Галбадрах қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда ресейлік дзюдошы Татьяна Аякинадан басым түсті.
Ал, ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта күрескен Есет…
10:39 | 15 тамыз 2018
18-19 тамыз күндері Белорусияның Минск қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогы өтеді. Оған Қазақстан құрамасынан 27 дзюдошы қатысады:
Ерлер:
Қанат Сейілхан (60 кг)
Ержан Еренқайыпов (60 кг)
Рамазан Мамаев (60 кг)
Қайрат Ағыбаев (66 кг)
Есет Қуанов (66 кг)
Мадияр Сембаев (73 кг)
Ақылбек Серік (73 кг)
Руслан Мұсаев (81 кг)
Бейбіт Мадиев (81 кг)
Дәулетхан Жақыпов (90…
15:58 | 14 тамыз 2018
Джакартада өтетін XVIII Азия ойындарында Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы 3 жүлде алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасының бас бапкері Марат Данайбаев мәлімдеді.
- Қазіргі таңда дзюдодан әйелдер құрамасы Азия ойындары алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарына дайындалуда. Әдеттегідей, Азия ойындарына қатысушылар 2018 жылдағы ресми жарыстардағы көрсеткіштеріне қарай жасақталды. 7 салмақ бойынша татамиде күресетін қыздар құрамасына 1 алтын…