Жаңалықтар

15:54 | 06 мамыр 2019
4-5 мамыр күндері Өскемен қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Т.Ақтаевты еске алуға арналған Қазақстан Республикасының ашық Чемпионаты өтті. 2006 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдстырылып келе жатқан Чемпионатқа Қазақстанмен қатар, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Грузия елдерінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Екі күнге созылған жарыс нәтижесі бойынша Алматы облысының спортшылары 3 алтын, 2 қола жүлдемен медаль кестесінде көш…
13:15 | 06 мамыр 2019
2019 жылдың 1-2 мамыр күндері «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде дзюдодан 2003-2004 және 2006-2007 ж.т. жасөсіпірм ұл, қыздар арасында халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлын» еске алуға арналған XI халықаралық турнир өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен спортшылар мен Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен 700-ге жуық балуандар қатысты. Тунирдың ашылу салтанатында Маңғыстау облысының дзюдо федерациясының құрметті президенті Самат Базарбайұлы Мұсабаев сөз алып, жарысқа…
11:29 | 01 мамыр 2019
Құрметті дзюдошылар, бапкерлер мен дзюдо жанашырлары! Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке бірлік пен бейбітшіліктің, ынтамақтастық пен сыйластықтың символы іспетті. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Қазірде қазақ елі, өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекет». Бүгінде көк байрағымыздың астында 130-дан астам ұлт пен ұлыс бейбіт күн кешіп отыр. Бұл…
20:00 | 30 сәуір 2019
Нұр-Сұлтанда Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров пен ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбековтың жетекшілігімен Федерация мен ҚР ҰОК бірлескен жиыны өтті. Бірлескен жиынға Спорт және мәдениет вице-министрі Елдос Рамазанов, ҚР ҰОК мен Федерация өкілдері қатысты. Жиынның басты тақырыбы 24-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында өткізілетін жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты мен Қазақстан Ұлттық құрама командасының төрт жылдықтың басты додасы…
11:58 | 29 сәуір 2019
Дзюдодан Қазақстан құрамасы 10-12 мамыр күндері Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін әлемдік «Grand Slam» кезеңіне қатысады. Екі күнге созылатын турнирге 60 елден 519 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Ерлер: Бауыржан Нарбаев (-60 кг) Мағжан Шамшадин (-60 кг) Есет Қуанов (-66 кг) Сұңғат Жұбатқан (-66 кг) Жанболат Бағтбергенов (-73 кг) Мадияр Сембаев (-73 кг) Виктор Демьяненко (-100 кг) Қыздар: Анна Казюлина (-52 кг)…

Әлеуметтік желідегі парақшалар