Жаңалықтар

16:21 | 02 тамыз 2019
Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында спортшылардың дайындығы, алдағы жарыстары, допинг проблемасы мен дзюдодағы жалақы туралы айтты. – Сұхбаттың басында күні кеше Ақтауда өткен Азия кубогын қорытындылай кетсек. Жарыс қалай өтті? – Ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болды. Азия дзюдо одағының спорт директоры Дэвид Картер, Азия дзюдо одағының төрешілер комиссиясының мүшесі Мун Ба Е, Орталық Азия елдерінің…
18:23 | 30 шілде 2019
Тайбэйде дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. 29-30 шілде күндері өткен жарысқа 21 елден 170 дзюдошы қатысты. 1 алтын, 3 күміс және 9 қола жүлде иеленген Қазақстан құрамасы жалпы медаль кестесінде үшінші орынға жайғасты. Жарыс қорытындысы бойынш Жапония жастары 10 жүлдемен (6 алтын, 1 күміс, 3 қола) көш бастаса, Оңтүстік Корея құрамасының спортшылары 10 медальмен (3 алтын, 1 күміс, 6…
15:20 | 30 шілде 2019
Қазақстандық дзюдошы Мөлдір Нарынова Таайбэйде өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. 70 келіге дейінгі салмақта күрескен ол жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Ширек финалда моңғолиялық Оюнтулхур Бумбугурды, жартылай финалда Мария Суанды, ал финалда Иран спортшысы Мариам Барбатты иппон ұпайымен жеңді. Естеріңізге сала кетсек, Тайбэйде жастар арасынд құрлық біріншілігі өтіп жатыр. Әлемнің 21 елінен жиналған 170 дзюдошы өзара мықтыны анықтауда.
17:48 | 28 шілде 2019
Тайбэйде дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық бәсекеге 17 елден 200-ге жуық дзюдошылар қатысты. Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 10 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде жарысты 1 орынмен аяқтады. Назарларыңызға қазақстандық жүлдегерлер мен жеңімпаздар тізімін ұсынамыз: Алтын Алима Жұмағалиева (40 кг) Нұрқанат Серікбаев (50 кг) Тілеген Тынарбай (66 кг) Айдар Арапов (81 кг) Күміс Серікбол Естай (73…
21:36 | 27 шілде 2019
Галбадрах Отгонцэцэг Загребте өтіп жатқан Гран При турнирінің жеңімпазы атанды. 48 келіге дейінгі салмақта белдесіп жатқан ол финалда франциялық Мелани Клементпен күресіп, қосымша уақытта жеңіске жетті. Финалға дейін отандасымыз Отгонцэцэг Катарина Танзерді (Австрия), Ио Хионгты (ҚХР) және Ли Янанды (ҚХР) жеңген болатын. Естеріңізге сала кетсек, бүгін Хорватия астанасы Загребте дзюдодан әлемдік Гран При турнирі басталды. Гран Приге 86 елден 500-ден…

Әлеуметтік желідегі парақшалар