Тілеген Тынарбай Қазақстан қоржынына тағы бір қола жүлдені салды
Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстандық дзюдошылар бүгін Қазақстан қоржынына екі қола медаль салды.
66 келіге дейінгі салмақта белдескен Тілеген Тынарбай жарысты екінші айналымнан бастады. Жұбаныш финалында грекиялық қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп, қоржынды бір қола медальмен толықтырды.
Тілеген жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, оның үшеуінде қарсыласынан басым түсті. Алғашқы белдесуінде Тәжікстан балуаны Курбонов Икромхонды жеңіп, Монтонерго спортшысы Нуркович Жахадан басым түсті. Ал ширек финалда бразилиялық Перейра Мазеуске есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде үндістандық Бишал Синхты оңай ұтқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүниежүзілік біріншілікте 64 елден 500-ге жуық дзюдошы бақ сынауда. Қазақстан құрамасы жарыстың бірінші күнінде бір алтын, бір қола жүлде жеңіп алған болатын. Әлем чемпионаты 29 қыркүйекке дейін жалғасады.
0 пікірлер