Жаңалықтар

12:46 | 15 қараша 2014
Шымкент қаласында өтіп жатқан ел біріншілігі аясында дзюдо федерациясының жылдық жұмысын қорытындылауға арналған конференция өткізілді. «Дзюдо федерациясы» РҚБ Бірініші вице-президенті Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы, даму жөніндегі директор Жіткеев Асхат Расұлұлы және ұлттық құраманың бас бапкерлері мен аға жаттықтырушылары баяндама жасады. Маратбек Мықтыбеков өз баяндамасында өңірлердегі дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшыларына дзюдо күресінің дамуына ат алысқандары үшін алғыс айтып, жаттықтырушылар құрамына…
19:31 | 14 қараша 2014
Ерлер : 60 келі 1. Ибраев Рустам 2. Тельманов Асхат 3. Қырғызбаев Гумар және Сайлаубай Жеңіс 66 келі 1. Қалтаев Мейіржан 2. Есімбетов Ғабит 3. Отабек Әміралиев және Жұмақанов Елдос Қыздар: 48 келі 1. Подрядова Александра 2.Иманғалиева Меруерт 3.Байқұлова Айгүл және Қарасайқызы Камшат 52 келі 1. Тұрмаханова Гауһар 2. Куценко Олеся 3. Лунова Дарья және Алмаұханбетова Гүлдана
16:07 | 14 қараша 2014
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 500 –ге тарта дзюдошы қатысуда. Бүгін 60 пен 66 келі салмақтағы ерлер мен 48, 52 келідегі қыздар күресті. Ертең татамиге 73 пен 81 келі салмақ дәрежесіндегі ерлер мен 57, 63, 70 келідегі қыздар шықпақ.
18:46 | 13 қараша 2014
«Дзюдо федерациясы» РҚБ дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Патокин Александр Петровичтің қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтады.
12:39 | 13 қараша 2014
Дзюдо күресінен ұлттық құрама бапкерлерінің шешімі бойынша ел біріншілігіне келесі спортшылар қатыспайды: Елдос Сметов, Айбек Имашев, Азамат Мұқанов, Сергей Лим, Смағұлов Жансай, Азиз Қалқаманұлы, Болат Тимур және Максим Раков демалыс үстінде! Ермек Имамбеков, ҚР дзюдодан ұлттық құрама команданың бас бапкері: «Өзіміздің жаттықтыршылар кеңесінде осындай шешім қабылдаған себебіміз, олар жақында ғана Азия ойындарында , Астанада өткен Гран Приде күресті. Мысалы Елдос…

Әлеуметтік желідегі парақшалар