Жылдық жұмыс қорытындыланды
12:46 | 15 қараша 2014
Шымкент қаласында өтіп жатқан ел біріншілігі аясында дзюдо федерациясының жылдық жұмысын қорытындылауға арналған конференция өткізілді. «Дзюдо федерациясы» РҚБ Бірініші вице-президенті Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы, даму жөніндегі директор Жіткеев Асхат Расұлұлы және ұлттық құраманың бас бапкерлері мен аға жаттықтырушылары баяндама жасады. Маратбек Мықтыбеков өз баяндамасында өңірлердегі дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшыларына дзюдо күресінің дамуына ат алысқандары үшін алғыс айтып, жаттықтырушылар құрамына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, қордаланған мәселелер талқыланды.
0 пікірлер