Жаңалықтар

18:09 | 29 наурыз 2014
Дзюдодан Қазақстан қыздар құрамасы Самсундегі Гран-при сайысын аяқтады. Бүгін татамиге шыққан Жәкен Саламатов шәкірттері жанкүйерді жақсы нәтижемен қуантаалған жоқ. 63 келідегі Анар Жұмабаева мен Мариан Ордабаева тиісінше түркиялық Өзге Ақарсу пен швециялық Миа Хермансоннан ұтылып қалды. Ал 70 келіде сынға түскен Зәмзәгүл Файзолланова мен Динара Қодарова (суретте көк кимонода) словениялық Анка Погачник және түркиялық Эсин Таскайдан айла асыра алаған жоқ.…
22:37 | 28 наурыз 2014
Дзюдодан Самсунда өтіп жатқан Гран-при турнирінде (28-30 наурыз) Елдос Сметов күміс жүлде иеленді. 60 келі салмақта сынға түскен ол финалда 2012 жылғы Еуропа чемпионы, ресейлік Беслан Мудрановқа (суретте) есе жіберді. Гран-при. 60 келі. Қорытынды: 1. Беслан Мудранов (Ресей) 2. Елдос Сметов (Қазақстан) 3. Роберт Мшвидобадзе (Ресей), Адриен Раймонд (Франция)
19:51 | 28 наурыз 2014
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов (60 келі) Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің (28-30 наурыз) финалына жолдама алды. Ұлттық құрама үздіктерінің бірі саналатын Елдос алдымен Павел Петриковтан (Чехия) басым түсті. Кейін украиналық Денис Биличенко мен моңғолиялық Ганболд Мунхтурдан айла асырды. Жартылай финалда әзірбайжандық Илгар Мушкиев Елдосқа қауқар көрсете алмады. Шешуші белдесуде Сметов (суретте көк кимонода) ресейлік Беслан Мудрановпен кездеседі. Осы…
18:47 | 28 наурыз 2014
Түркияның Самсун қаласында дзюдодан Гран-при турнирі (28-30 наурыз) басталды. Алғашқы жарыс күнінде 48, 52 және 57 келідегі қыздар сынға түсуде. Өкінішке қарай, біздің дзюдошы қыздарымыз сәтті өнер көрсеткен жоқ. 48 келідегі Айгүл Байқұлева неміс қызы Кай Краустан алғашқы айналымда ұтылса, 52 келідегі Ленария Минғазова бірінші белдесуінде ресейлік Антонина Кириевскаяға есе жіберді. 57 келіде сынға түскен Севара Нишанбаева тунистік Несрия Жласстан…
18:17 | 27 наурыз 2014
Түркияның Самсун қаласында өтетін дзюдодан Гран-При турнирінде (28-30 наурыз) Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын спортшылар есімі белгілі болды. Өткен аптада ұлттық құраманың бас бапкері Ермек Имамбеков confederation.kz сайтына берген сұхбатында Түркияға аттанатын құрамда өзгеріс орын алуы мүмкін деген еді. Кейін белгілі болғандай, Самсунға баратын спортшылар қатарында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов (66 келі) жоқ. Тұмаудан айықпаған Азамат Түркиядағы Гран-При турниріне…

Әлеуметтік желідегі парақшалар