Жаңалықтар
07:01 | 25 маусым 2014
Қазақстанның дзюдодан жастар құрамасы қазір Астанада Германия және Қырғызстан командасымен бірлескен оқу-жаттығу өткізіп жатыр.Оның аясында ҚР дзюдодан жастар командасының аға бапкері Нұрбол Сүлейменов алдағы жоспарларымен бөлісіп, сауалдарымызға жауап берді.
Нұрбол Нұриұлы, Германия және Қырғызстан құрама командасымен бірлескен жаттығуды Астанада өткізуге не түрткі болды?
-Оқу-жаттығуға Қазақстан ұлттық құрамасы, Германия және Қырғызстан командаларының спортшылары қатысуда. Мысалы: Германия Еуропаның спорт мектебі деп есептеледі,…
06:35 | 24 маусым 2014
Астанада ҚР жастар құрамасы Германия және Қырғызстан жастар құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу өткізуде. Оған жалпы саны 75 спортшы қатысуда, оның ішінде 20 шетелдіктер. Сондай-ақ, маусым айының 8-18 аралығында қыздар құрамасы Шымкент қаласында оқу –жаттығу өткізгенін хабарлаймыз.
23:20 | 19 маусым 2014
Осы аптаның соңында Венгрия астанасы Будапешт дзюдодан халықаралық «Гран-при» сериясын қабылдайды (21-22 маусым). Қазақстан құрамасы төмендегі спортшыларды татамиге шығарады:
60 келі. Рустам Ыбыраев, Еркебұлан Қосаев
66 келі. Бақдәулет Сәбитов, Оразәлі Ермекбай
73 келі. Нұрлан Оразалин
81 келі. Ринат Ибрагимов, Елдар Зәріпханлв
+100 келі. Дәурен Нұралинов, Ержан Шынкеев
16:28 | 17 маусым 2014
12-15 маусым аралығында Павлодар қаласында 1999-2000 жылғы жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өткізілді. Оған еліміздің түкпір –түкіпірінен 500- ден астам спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының құрамасы бірініші, Алматы қаласы мен Қарағанды облысы спортшылары өзара екінші және үшінші орынды бөліп алды.
Жарыс жүлдегерлерінің аты - жөндерімен толық сайттың «нәтижелер» бөлімінен таныса аласыздар.
16:15 | 03 маусым 2014
«Дзюдо федерациясы» РҚБ ұжымы, федерацияның Бас хатшысы Қаймақов Абай Тұрсынбекұлын туған күнімен құттықтайды! Ұжым атынан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, әр бастамаңызға сәттілік, отбасына амандық тілейміз! Дзюдоны дамытуға зор үлесіңізді қоса беріңіз!