Жаңалықтар

09:46 | 14 мамыр 2014
11-13 мамыр аралығында Шымкент қаласында «Шымкент ашық біріншілігі» өткізілді. Жарысқа елімізден және Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжікстаннан келген 27 команда қатысты. 240 спортшы 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жарыс хаттамасы сайттың «нәтижелер» бөлімінде.
10:10 | 12 мамыр 2014
Мамыр айының 10-11 аралығында өткен Еуропа кубогында дзюдодан жасөспірімдер құрамасы екі медальді жеңіп алды. Науатбек Ақмарал (40 келі) алтыннан алқа тақса, Карчаева Аида (48 келі) жарыстың қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Шамшидин Мағжан (55 келі) және Жауынтаев Бауыржан (60 келі) үздік жеті спортшының қатарына енді.
09:39 | 11 мамыр 2014
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасын бірыңғай спорттық жейдемен қамтамасыз етті. Демеушілеріміз «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ арқасында, ұлттық құраманың бірінші және екінші нөмірлі спортшыларымен қатар, бапкерлер кеңесі де әлемдік бренд саналатын «UMBRO» жейделерімен қамтылды.
12:29 | 10 мамыр 2014
Қазақстандық дзюдошылар Арман Махамбетов пен Бекзат Манасбаев (екеуі де 73 келі) «Үлкен Дулыға» (9-11 мамыр) турнирінде жеңіліп қалды. Махамбетов (суретте) алғашқы белдесуінде өзбекстандық Сарвар Шомұрадовқа есе жіберсе, Манасбаев әзірбайжандық Элвин Ахмадлиден ұтылды.
21:52 | 09 мамыр 2014
Бакуде басталған дзюдодан «Үлкен Дулыға» турнирінің (9-11 мамыр) бірінші жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды. Қола медаль үшін белдесуде 66 келідегі Елдос Жұмаханов Оңтүстік Корея өкілі Лимван Кимнен ұтылса, осы салмақта күрескен Жансай Смағұлов израильдік Голан Полактан жеңіліс тапты.

Әлеуметтік желідегі парақшалар