Жаңалықтар

19:56 | 04 сәуір 2015
Сәуір айының 2-4 аралығында Шымкент қаласында жастар арасында өткен халықаралық жарыста 300-ден астам спортшы бақ сынады. Оның ішінде еліміздің 13 облысынан, Өзбекстан мен Қырғызстан жәна Тәжікстаннан да командалар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға 40 000, екінші орынға 20 000, ал үшінші орын иегеріне 10 000 теңге табысталды. Жарыс жүлдегерлерінің аты - жөндерімен толық сайттың «нәтижелер» бөлімінен таныса аласыздар
13:09 | 03 сәуір 2015
Конфедерация спортшылары Батыс Қазақстан облысында Елбасының қатысуымен өткен «Жастар қуатты Қазақстан үшін!» республикалық форумына қатысты. Форумға студент, спортшы, шығармашыл және жұмысшы жастардың 2000-ға жуық өкілі келді. Сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының жастары да тікелей эфир арқылы осы іс-шараға қатысты. Конфедерацияның қатарынан Форумға атақты спортшыларымыз Серік Сәпиев, Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Дәнияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы және Максим Раков шақырылды.…
14:06 | 01 сәуір 2015
Ағымдағы жылдың 4-5 сәуір аралығында Ресейдің Тверь қаласында жасөспірімдер арасында Еуропа Кубогы өткізіледі. Оған қазақ құрамасының келесідей спортшылары қатысады: Ерлер: Аят Танғатар (50 келі) Дияс Әшімов (55 келі) Дамир Әбдеков (60 келі) Ришад Махмут (60 келі) Сұңғат Жұбатхан (66 келі) Жанқожа Марат (66 келі) Қуан Барыс (66 келі) Мәди Амангелді (73 келі) Санжар Балғымбеков (73 келі) Дәулет Ахмет (81 келі)…
09:23 | 01 сәуір 2015
Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2-4 сәуір күндері жастар арасында дзюдодан IV халықаралық турнир өтеді деп күтілуде. Спорттық шара Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналмақ. Дзюдодан Шымкенттің ашық біріншілігі Оңтүстік Қазақстан облыстық дзюдо федерациясының және күрес түрлерінен № 10 мамандандырылған балалар мен жәсөспірімдер мектебінің қолдауымен өтеді. Турнирге еліміздің және шетелдің 1995-1996…
12:31 | 31 наурыз 2015
28-29 наурыз аралығында Шымкент қаласында спортта дарынды балаларға арналған мектеп - интернаттары арасында дзюдо күресінен ел біріншілігі өткізілді. Оған 1998-1999 жылғы 165 спортшы қатысты. Жалпы саны 12 команда бақ сынады. Нәтижесінде Қызылорда облысының құрамасы бірінші, Алматы облысы спортшылары екінші орын алды. Үшінші орын Алматы қаласы дзюдошыларының еншісінде. Жарыстан кейін 30-31 наурыз күндері жаттығу лагері өткізіліп, оған 60 –тан астам спортшы…

Әлеуметтік желідегі парақшалар