Жаңалықтар
19:30 | 30 маусым 2021
Сіздер бүгін тек қана спорттық емес, өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басып отырсыздар. Олимпиада ойындары – төрт жылда бір өтетін маңызды спорттық дода. Біз бұл күнді,Токиодағы Олимпиада ойындарын, асыға күттік.
Олимпиаданың кейінге шегерілуі мен пандемияға байланысты арадағы бір жыл үзіліске қарамастан сіздер спортшыға тән мінез көрсетіп, Қазақстан қоржынына алты жолдама алып келдіңіздер.
Көп ұзамай, санаулы күннен кейін Токио төрінде ХХХІІ жазғы…
11:42 | 29 маусым 2021
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Токио Олимпиадасына баратын спортшылар есімін атады
Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Токио Олимпиадасына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.
«Дзюдодан Токио Олимпиадасына баратын құрам бүгінде белгілі. Осыған дейін айтқанымыздай, Олимпиада ойындарына Олимпиадалық рейтингте жоғары орында тұрған спортшы барады. Қазіргі таңда Қазақстан ерлер құрамасының 7 спортшысы рейтингте тиісті ұпайды жинады. Алайда әр салмақтан бір спортшы ғана қатыса алатындықтан біз алдыңғы қатарда…
14:24 | 24 мамыр 2021
Қазақстан құрамасы Будапештте дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысады. 6-13 маусым күндері өтетін дүниежүзілік біріншілікке 133 елден 727 татами шебері қатысады. Әлем чемпионатында ел намысын барлығы 17 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
1. Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)
2. Мағжан Шамшадин (-60 кг)
3. Елдос Жұмақанов (-66 кг)
4. Жансай Смағұлов (-73 кг)
5. Аңсарбек Ғайнуллин (-73 кг)
6. Дидар…
11:12 | 17 мамыр 2021
14-16 мамыр күндері Алматы қаласында Балуан Шолақ спорт кешенінде дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі өтті. Аталған құрлықтық додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысты.
Жасөспірім санатындағы дзюдошылар 16 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтаса, жастар 14 салмақ бойынша сынға түсті. Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сегіз…
09:00 | 24 наурыз 2021
Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың туған күні! Құрметті Қайрат Пернешұлы!
Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің, елімізде дзюдоның дамуына ат салысып, дзюдошыларды қолдаудағы орныңыз ерекше. Бүгінде кәсіби біліктілігіңіз бен көрегенділігіңіздің арқасында ел дзюдосының дамуы мақсатында үлкен жұмыс атқарылып отыр. Біз үшін сізбен бірлесе бір мүдде жолында жұмыс істеу үлкен мәртебе.
Сізді бүгінгі туған күніңізбен құттықтай…