Жаңалықтар

15:37 | 12 қараша 2015
Бүгін Алматы қаласында Қазақстан дзюдо федерациясы басшылығының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Оның барысында жастар және кадеттер арасында өткізілген әлем біріншіліктерінде жеңіске жеткен спортшылар марапатталды. Жастар арасында әлем чемпионы Мағжан Шәмшәдин және оның жеке бапкері Қален Қалиұлы, жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Арсен Хатип қаржылай мапарапатталды. Сонымен қатар, аталмыш жарыстың қола жүлдегері Никита Азаров пен оның жеке бапкері Сергей Дмитренко қаржылай сертификаттар…
20:11 | 11 қараша 2015
20-22 қараша аралығында Қытайдың Циндао қаласында дзюдо күресінен «Grand Prix» жарысы өткізіледі, оған еліміздің командасы келесідей құрамда қатысады: Ерлер: Асхат ТЕЛЬМАНОВ (60 келі) Айбек ИМАШЕВ (60 келі) Ғабит ЕСІМБЕТОВ (66 келі) Сергей ЛИМ (66 келі) Дастан ЫҚЫБАЕВ (73 келі) Дидар ХАМЗА (73 келі) Ерназар ХАМЗИН (81 келі) Әзіз ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (81 келі) Тимур БОЛАТ (90 келі) Самат ЕСЕН (90 келі) Максим…
22:24 | 08 қараша 2015
Құрметті дзюдо сүйер қауым! Еліміздің дзюдо күресінен ұлттық құрама командасының мүшесі Руслан Әбдіразақов үйленді. Жас шаңырақты үйлену тойларымен құттықтаймыз, жас отбасына береке мен бірлік, қуаныш тілейміз!
16:01 | 05 қараша 2015
Бүгін дзюдо күресінен қазақ құрамасының беделді мүшелерінің бірі Дастан Ықыбаевтың туған күні. Дастан сені дзюдо федерациясы ұжымының атынан туған күніңмен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жеңіс, әр бастамаңа жеміс тілейміз!
13:43 | 31 қазан 2015
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу – Даби қаласында өтіп жатқан «Grand - Slam» жарысының алғашқы күні Рустам Ыбраев қола медаль олжалағаны белгілі. Ал, екінші күні қазақ құрамасына жеңіске жету мүмкін болмады, ал бүгін татамиге Самат Есен, Максим Раков, Ержан Шынкеев, Гүлжан Иаснова шығатын болады. Жеңіске бірге жетейік, саңлақтарымызға қолдау көрсетіңіздер! Тікелей эфир - www.ippon.tv.

Әлеуметтік желідегі парақшалар