​Дзюдошылар Санкт – Петербордан олжалы қайтты

12:48 | 23 желтоқсан 2015
6-10 желтоқсан аралығында Ресейдің Санкт – Петербор қаласында дзюдо күресінен аранайы Олимпиаданың ұйымдастыруымен ашық еуропа турнирі өткізілді. Қазақстан намысын қорғаған 5 спортшы жеңіске жетті, атап айтсақ, бірінші орын Серік Ахметтің еншісінде, Абылайхан Қалиев пен Данияр Сейітов екінші орын алса, Дана Саутова мен Әлішер Азнабақиев қола жүлделерді жеңіп алды. Жарысқа 11 мемлекеттен 90 дзюдошы қатысқан (Қазақстан, Өзбекстан, Эстония, Бельгия, Норвегия, Швеция, Польша, Венгрия,Нидерланды, Хорватия, Ресей).

573c16c4919d9cf7683f00d123686083.jpg

Айта кетейік, Special Olympics ұйымы ақыл-есі кем адамдарға спорттық шаралар өткізумен айналысатын мекеме. Аталмыш ұйымның атынан Қазақстандық топты бапкер Рүстем Қарымсағұлов пен аталмыш мекеме қызметкері Ильина Галина бастап барды. «Спешиал Олимпикс» ҚБ өз демеушілері «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Дзюдо федерациясы» РҚБ басшылығына үнемі қолдау көрсетіп жүргені үшін алғыс білдіреді.

9aabec7d710dc57ce5d989e5dbe16750.jpg

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар