Жаңалықтар
10:46 | 02 қазан 2017
Италияның Ольбия қаласында дзюдодан ардагерлер арасындағы Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы төрт медальға ие болды.
Әлем Чемпионатының алғашқы күнінде сынға түскен татами шеберлері арасында екі қазақстандық дзюдошы жеңіс тұғырынан көрініп, бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді.
М7 категориясы бойынша 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ардагер балуанымыз Нурлан Жарашуев финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, финалда канадалық Поланд Ангустан айласын…
22:07 | 28 қыркүйек 2017
Бүгін Ақтөбе қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының Президенті Кубогына арналған ерлер арасындағы халықаралық турнир өтті. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған Президент кубогына 9 мемлекеттен 10 команда қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Моңғолия, Ресей, Украина, Оңтүстік Корея, Белорусия және Ақтөбе облысының құрама командасы өзара мықтыны анықтады.
Ақтөбе қаласында Республикалық «Туған жер» форумы аясында өткізілген ҚР Президент кубогына арналған халықаралық…
12:09 | 27 қыркүйек 2017
30 қыркүйек – 3 қазан күндері Италияның Ольбия қаласында дзюдодан ардагерлер арасындағы Әлем Чемпионаты өтеді. Әлем Чемпионатына Қазақстан құрамасынан 28 дзюдошы қатысып,ел намысын қорғайды:
Ахат Аширов - бапкер
1.Нұрлан Хайлямов (60 кг)
2.Тлеген Галиев (66 кг)
3.Нұртуған Ерубаев (66 кг)
4.Даулет Есдаулетов (66 кг)
5.Қайрат Ибрагимов (66 кг)
6.Беслан Эгиев (66 кг)
7. Марал Көшенов (73 кг)
8.Азамат Мұқашов (73…
17:08 | 25 қыркүйек 2017
29 қыркүйек – 1 қазан аралығында Тараз қаласында КСРО спорт шебері Бақытжан Ташметовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтеді. Халықаралық турнирге Қазақстан, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Россия, Армения, Моңғолия, Корея елдерінен 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер қатысады. Аталмыш жарыс Тараз қаласында орналасқан «Тараз Арена» спорт кешенінде өтеді. Турнир күн сайын сағат 10:00-де басталады. Жарыстың ашылу салтанаты 29…
15:48 | 21 қыркүйек 2017
27-29 қыркүйек күндері Ақтөбеде дзюдодан Президент кубогы өтеді. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған Қазақстан Республикасының Президенті кубогында дзюдошылар команда бойынша сынға түседі. Жарысқа 2000 жылға дейінгі туылған ерлер қатыстырылады.
Президент кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен қатар, қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Жарыс Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде өткізіледі.




