Қазақстан құрамасы Әлем Чемпионатында 4 медаль иеленді

10:46 | 02 қазан 2017

Италияның Ольбия қаласында дзюдодан ардагерлер арасындағы Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы төрт медальға ие болды.

Әлем Чемпионатының алғашқы күнінде сынға түскен татами шеберлері арасында екі қазақстандық дзюдошы жеңіс тұғырынан көрініп, бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді.

fdd50e6e87c894adcae1fdba5bfb2a7c.jpg

М7 категориясы бойынша 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ардагер балуанымыз Нурлан Жарашуев финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, финалда канадалық Поланд Ангустан айласын асыра алмады.

М8 категориясында 90 келіге дейінгі салмақта бағын сынаған отандасымыз Анатолий Веклич қола медаль үшін белдескен жұбаныш белдесуінде украиналық Олександр Носеньконы иппонмен жеңіп, қола медальді қанжығалады.

15fb4a90936259bb7ffe778ef12fcdcc.jpg

Әлем Чемпионатының екінші күнінде қазақстандықтар медальсыз қалған жоқ. М3 категориясы бойынша 90 келіге дейінгі салмақта Денис Коробков пен дәл осы салмақ дәрежесінде белдескен Даурен Мұқышев қоржынға қос қола медаль салды.

Естеріңізге сала кетсек, Италияның Ольбия қаласында өтіп жатқан дзюдодан ардагерлер арасындағы Әлем Чемпионаты 3 қазанға дейін жалғасады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар