Жаңалықтар

16:58 | 05 шілде 2017
Тимур Болат Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны қызметіне тағайындалды. Естеріңізге сала кетсек, Тимур Болат 2007-2016 жылдары Қазақстан Ұлттық құрама команда сапында белдескен. Әлем Кубогының күміс медаль иегері (2008), сондай-ақ, Азия Чемпионатында қола (2009, Тайпей), 2014 жылы Инчеонда өткен Азия ойындарында күміс медальға қол жеткізген. Сонымен қатар, бірнеше әлемдік Гран При кезеңдерінің жүлдегері.
12:16 | 05 шілде 2017
Германияның Саарбрюккен қаласында 14-16 шілде күндері дзюдодан Еуропа Кубогы өтеді. Аталмыш турнирге Қазақстан Ұлттық құрама командасынан 14 дзюдошы қатысады. Олар: Айбек Имашев (60 кг) Елдос Сметов (66 кг) Ғұмар Қырғызбаев (66 кг) Жансай Смағұлов (73 кг) Нұрлан Оразалин (73 кг) Елдос Жұмақанов (73 кг) Азамат Мұқанов (73 кг) Қажымұқан Өтеулиев (81 кг) Азиз Қалқаманұлы (90 кг) Ислам Бозбаев (90 кг)…
16:47 | 03 шілде 2017
Бүгін Қостанай облысынның әкімі Архимед Мұхамбетов дзюдодан ардагерлер арасындағы Әлем Чемпионы Мұрат Кинтоновты Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт бөлім басқарушысы қызметін атқарушысы ретінде жаңа қызметке тағайындады. Естеріңізге сала кетсек, Мұрат Кинтонов бұған дейін Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны қызметін атқарған еді. Мұрат Кинтоновқа дзюдоның Қазақстанда дамуына өлшеусіз қосқан үлесі үшін орасан…
11:28 | 27 маусым 2017
Спортшыларымыздың арасында болашақта олимпиада чемпионы атануы мүмкін жастар көп. Солардың бірі - жасы 20-ға енді іліккен жас дзюдошы Дидар Хамза. Ол Рио олимпиадасынан кейін 81 келіге салмақ ауыстырған еді. Спортшыны жаңа салмақтағы жай-күйін "Сұрақ-жауап" сайтына берген сұхбатында айтып берді. Дидар Хамза өзінің дара талантымен, сұңғыла спортшыға тән ерекше болмысымен көп ортасынан айырықшаланып келеді. Түркістан топырағында дүниеге келген жас спортшы қазіргі…
11:14 | 23 маусым 2017
30 маусым мен 2 шілде аралығында Хух-Хот (Қытай ) қаласында дзюдодан кезекті халықаралық Гран При турнирі өтеді. Аталмыш Гран Приге Қазақстан құрамасынан келесі 10 дзюдошы қатысады: Ерлер: Рустам Ибраев (60 кг) Бауыржан Жауынтаев (60 кг) Бекәділ Шаймерденов (73 кг) Айдын Дартаев (73 кг) Ерсұлтан Мұзаппаров (81 кг) Дәулетхан Жақыпов (90 кг) Әділ Оразбаев (+100 кг) Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кг) Әйелдер:…

Әлеуметтік желідегі парақшалар