Дзюдодан Қазақстан чемпионаты: шымылдығын түсірді

19:15 | 19 қараша 2013

Шығыс жерінде дзюдодан өткен ішкі біріншіліктің нүктесі қойылды (15-19 қараша). Байрақты бәсекенің соңғы күні Қазақстан кубогының бәйгесі сарапқа салынып, командалық жарыстар ойнатылды. Қалалық жекпе-жек сарайының жеңіс тұғырына ерлер арасында (-66 кг, - 73 кг, - 81 кг, - 90 кг, +90 кг) Шығыс Қазақстан облысының балуандары көтерілсе, ал әйелдер арасында (-52 кг, - 57 кг, - 63 кг, - 70 кг, +70 кг салмақ санаттары) оңтүстік астаналық дзюдошыларға тең келер қарсылас табылмады.

Жеке біріншіліктің нәтижелері

Ерлер:

- 60 кг

1. Ғабит Есімбетов (ОҚО)

2. Гумар Қырғызбаев (Алматы)

3. Гусман Қырғызбаев (Алматы), Аманхан Өскенбаев (ОҚО)

- 66 кг

1. Жансай Смағұлов (Қарағанды облысы)

2. Ғалымжан Әбдрахманов (Қызылорда облысы)

3. Ілияс Измагилов (ШҚО), Бақдәулет Сәбитов (ОҚО)

- 73 кг

1. Дастан Ықыбаев (ШҚО)

2. Азамат Мұқанов (БҚО)

3. Ертуған Төренов (Жамбыл облысы), Еркебұлан Қанафин (Қарағанды облысы)

- 81 кг

1. Әзиз Қалманұлы (Жамбыл облысы)

2. Әділет Мисин (Ақтөбе облысы)

3. Ержан Абдулаев (Қызылорда облысы), Фархад Рузукулов (Алматы)

- 90 кг

1. Тимур Болат (Астана)

2. Айбол Айтбек (Жамбыл облысы)

3. Бекзат Мұрат (Алматы), Мақсат Исақабылов (Қызылорда облысы)

- 100 кг

1.МаксимРаков (Қарағанды облысы)

2. Әділхан Қозыбаев (Қызылорда облысы)

3. ТалғатӘмренов (ШҚО), Олжас Шынкеев (Қарағанды облысы)

+ 100 кг

1.Ержан Шынкеев (Қарағанды облысы)

2. Руслан Әбдразақов (Қызылорда облысы)

3. Сәулет Әбдісалықов (ОҚО), Дәурен Нұралинов (ШҚО)

Абсолютті салмақ дәрежесі (АСД)

1. Дәурен Нұралинов (ШҚО)

2. Әлібек Зекенов (Астана)

3. Виссарион Баркалая (Қарағанды облысы), Саят Шамшиев (Алматы облысы).

Әйелдер:

- 48 кг

1. Айгүл Байқұлова (Ақтөбе облысы)

2.Александра Подрядова (ОҚО)

3. Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы), Дарья Лунова (Павлодар облысы)

- 52 кг

1. Олеся Куценко (Маңғыстау облысы)

2. Ленария Мингазова (Жамбыл облысы)

3. Әсел Қайсарова (Алматы), Айкүнім Түйтекова (Алматы облысы)

- 57 кг

1. Назгүл Құбашева (Атырау облысы)

2. Севара Нышанбаева (ОҚО)

3. Әйгерім Әбділқадырова (Астана), Айжан Болат (Қызылорда облысы)

- 63 кг

1. Мариан Ордабаева (Алматы)

2. Жанар Қашқын (Алматы)

3. Анара Жұмабаева (ШҚО), Ақерке Мырзабек (Қызылорда облысы)

- 70 кг

1. Қалжан Тайжанова (ШҚО)

2. Зәмзәгүл Файзолланова (Алматы)

3. Ділбар Өмірәлиева (Қарағанды облысы), Динара Құдарова (Қызылорда облысы)

- 78 кг

1. Альбина Амангелдиева (ОҚО)

2. Анар Сейтімова (Ақтөбе облысы)

3. Әлия Жылқыбаева (Астана), Зарина Ройфова (Алматы)

+78 кг

1. Роза Доқтырбаева (Жамбыл облысы)

2. Зарина Байбатина (Павлодар облысы)

3. Зарина Әбдрасылова (ОҚО), Алмагүл Кошина (Павлодар облысы)

Абсолютті салмақ дәрежесі (АСД)

1. Зарина Ройфова (Алматы)

2. Динара Құдарова (Қызылорда облысы)

3. Назира Ержанова (Павлодар облысы), Қалжан Тайжанова (ШҚО)

Жалпыкомандалық есептегі жеңімпаздар

Үздік үштіктер қатарынан 3 алтын мен 5 қола медальмен шығысқазақстандық спортшылар, екінші орынды 3 алтын, 4 қоламен Қарағанды облысының балуандары, үшінші орынға 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медальмен Алматы қаласының спортшылары жайғасты.

Шығыс Қазақстан облысы: 3-0-5

Қарағанды облысы: 3-0-4

Алматы: 2-2-5

Оңтүстік Қазақстан облысы: 2-2-4

Жамбыл облысы: 2-2-1

Ақтөбе облысы: 1-2-0

Астана: 1-1-2

Маңғыстау облысы: 1-0-1

Атырау облысы: 1-0-0

Қызылорда облысы: 0-4-5

Павлодар облысы: 0-1-3

Алматы облысы: 0-1-2

Батыс Қазақстан облысы: 0-1-0

Ермек ИмамбековЕрмек Имамбеков, Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері:

-60 келі салмақта жас әрі болашағы жарқын Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Ғабит Есімбетов чемпиондық атаққа лайық деп танылды. Маған оның татамидегі қимыл-әрекеттері ерекше ұнады. Ақтық айқаста алматылық Гумар Қырғызбаевпен тартысты ойын көрсетіп, қарсыласын дегеніне көндірді. ЕлдосСметов алған жарақатына байланысты қайта қалпына келу процесін басынан өткеруде, ал Асхат Телманов чемпионат алдында суық тигізіп, шаршы алаңға шыға алмады. Көшбасшы балуандарымыздың жоқтығын оңтайлы пайдаланған балалар өз салмақ дәрежелерінде үздік өнер көрсете алды.

Жексенбай Саламатов, Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері:

- Мен Әсел Қайсарова, Айкүнім Түйтекова, Назгүл Құбашева және Роза Доқтырбаевалардың өнерін ерекше атап өткім келеді. Аты аталған қыздарымыздың барлығы үздік техникалық күрес көрсетті. Ал алдағы жылдың жоспарларына келер болсақ, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында әйелдер құрамасы жаңартылған саппен дайындық залына келетін болады. Ал мамыр айынан бастап 2016 жылғы Ойындар (Рио-де-Жанейро, Бразилия) алдындағы олимпиадалық рейтингтермен жұмыстарын бастайды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар