Мұқанов пен Лим алтыннан "құр алақан"

22:16 | 17 қараша 2013

Дзюдодан балуандардың ат басын өскемендік татамиге бұрған Қазақстан чемпионатының екінші күнгі тартысы (Өскемен, 15-19 қараша) жанкүйерлер қауымына күтпеген «тосын сый» жасады. 73 келіге дейінгі салмақта ерлер арасында үздік танылған ШҚО өкілі Дастан Ықыбаев (суретте) алғашқыда Сергей Лимнің финалға өтуіне кедергі болды (10:0, артынша қола үшін болған кіші финалда Ертуған Төреновтен 0:5 есебімен жеңілген). Ал одан кейінгі ақтық сайыста қазақстандық құраманың дәрежелі дзюдошыларының бірі Азамат Мұқановты (10:0) «шидомен» тізе бүктірді. Есте қаларлық жағдай, ресми түрде жеңіліс тапқандар негізінде 66 келі салмақ санатында шайқасатын балуандар. Халықаралық «Большой Шлем» халықаралық турниріне (Токио, 29 қараша -1 желтоқсан) дайындалып жатқан Лим де, Мұқанов та өскемендік біріншілікте салмақ қуып үлгермеді.

Ертең 60 келідегі жігіттер татамиге шығады. Бұл салмақтағы көшбасшы спортшылар Елдос Сметов пен Асхат Телмановтар жарақатына орай, ел додасына қатыса алмайды.

- 73 кг. Қорытынды

1. Дастан Ықыбаев (ШҚО)

2. Азамат Мұқанов (БҚО)

3. Еркебұлан Қанафин (Қарағанды облысы), Ертуған Төренов (Жамбыл облысы)

5. Арман Махамбетов (Павлодар облысы), Сергей Лим (Алматы)

66 келіде өнер көрсеткен Елдос Жұмақановтың да жолы болмады. Әлемдік Гран-придің (Алматы, 2013) жеңімпазы нәтижесінде доданың үшінші орнына жайғасқан Ілияс Измагиловтан 1/8 финалда жеңіліс тапты.

- 66 кг. Қорытынды

1. Жансай Смағұлов (Қарағанды обласы)

2. Г. Әбдрахманов (Қызылорда облысы)

3. Ілияс Измагилов (ШҚО), Бақдәулет Сәбитов (ОҚО)

5. Д. Ахметов (Астана), О. Еркебай (Жамбыл облысы)

52 кг, 57 кг және 63 кг салмақ дәрежесіндегі белдескен Олеся Куценко,Назгүл Құбашева және Мариан Ордабаевалар - Қазақстан чемпиондары атанды.

- 52 кг. Қорытынды

1. О. Куценко (Маңғыстау облысы)

2. Л. Мыңғазова (Жамбыл облысы)

3. А. Қайсарова (Алматы), А.Түйтекова (Алматы облысы)

5. Г. Тұрмаханова (ОҚО), Б. Амангелді (Ақтөбе облысы)

- 57 кг. Қорытынды

1. Н.Құбашева (Атырау облысы)

2. С. Нышанбаева (ОҚО)

3. А. Әбділқадырова (Астана), А. Болат (Қызылорда облысы)

5. М.Рыспаева. (Павлодар облысы), А. Еженханова (Алматы облысы)

- 63 кг. Қорытынды

1. М. Ордабаева (Алматы)

2. Ж. Қашқын (Алматы облысы)

3. А. Жұмабаева (ШҚО), А. Мырзабек (Қызылорда облысы)

5. Ж. Атаева (ШҚО), М. Қуатбекова (Павлодар облысы)

Қазақста чемпионатының үшінші күнгі бағдарламасы

18 қараша (дүйсенбі)

10:00 – жарыстың басталуы (ерлер - 60 кг, АБС; әйелдер - 48 кг, АБС)

17:30-18:00 – Қазақстан кубогының жеребесі (командалық сайыстар)

19:00-20:00 – командалардың салмақтарын ресми өлшеу (ерлер - 66 кг, - 73 кг, - 81 кг, - 90 кг, +90 кг; әйелдер - 52 кг, - 57 кг, - 63 кг, - 70 кг, +70 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар