Қазақстан құрамасы Будапештте өтетін дзюдодан әлем чемпионатына қатысады

13–19 маусым аралығында Венгрияның Будапешт қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді. Бұл - Парижде өткен жазғы Олимпиададан кейінгі алғашқы әлемдік жарыс болмақ.
Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 12 татами шебері қорғайды:
-60 кг: Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов
-66 кг: Ғұсман Кыргызбаев
-73 кг: Есет Қуанов
-81 кг: Аблайхан Жұбаназар
-90 кг: Мейірлан Максим
-100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байкамуров
+100 кг: Ерасыл Қажыбаев
-48 кг: Абиба Абужақынова,Ғалия Тынбаева
-63 кг: Эсмигул Куюлова
Айта кетерлігі, дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионаты 13-19 маусым күндері өтеді. Әлем чемпионатында жекелей жарыстар мен аралас-командалық жарыстар ұйымдастырылады.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер