Жаңалықтар
21:48 | 22 қыркүйек 2018
Әзірбайжан астанасы Бакуде бүгін Әлем чемпионатының үшінші күні аяқталды. 57 келіге дейінгі салмақта әйелдер, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер өзара мықтыны анықтады. Цукаса Иошинда әйелдер арасында Әлем чемпионы атанып Жапония құрамасына тағы бір алтын сыйлады. Осы салмақта Ұлыбритания спортшысы Никода Мит-Дэвис күміс, ал жарыстың қола жүлдесін Сумия Доржсурен мен Канада құрамасының спортшысы Криста Дегучи өзара бөлісті.
Ал ерлер арасында…
19:28 | 22 қыркүйек 2018
Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Әлем чемпионатын 7-ші орынмен аяқтады. Ол жұбаныш белдесуінде Моңғолия елінің спортшысы Ганбаатар Одбаярға вазари ұпайымен жеңілді.
Жансай Смағұлов ширек финалға дейін қарсылас шыдатпай келді. Әлем чемпионатына екінші айналымда қосылған ол бірінші қарсыласы Нилс Штампты иппонмен ұтса, өзінің екінші кездесуін Никола Гардашевичке қарсы өткізді. Нәтижесінде, оны уақытынан бұрын жеңіп, ширек финалдық жолдама үшін косовалық Акил Гжаковамен күресіп,…
17:14 | 22 қыркүйек 2018
Бакуде өтіп жатқан Әлем чемпионатының үшінші күнінде татамиге Қазақстан ұлттық құрамасынан 3 дзюдошы шықты.
73 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Жансай Смағұлов ширек финалға дейін қарсылас шыдатпай келді. Әлем чемпионатына екінші айналымда қосылған ол бірінші қарсыласы Нилс Штампты иппонмен ұтса, өзінің екінші кездесуін Никола Гардашевичке қарсы өткізді. Нәтижесінде, оны уақытынан бұрын жеңіп, ширек финалдық жолдама үшін косовалық Акил Гжаковамен күресіп, уақытынан…
20:04 | 21 қыркүйек 2018
Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасынан Ерлан Серікжанов жарыстың күміс жүлдегері атанды. Ол финалдық кездесуде жапониялық әлем чемпионы Абе Хифумиге есе жіберді.
66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз іріктеу кезеңінің алғашқы белдесуінде Артур Карлос Джуниорды (Мозамбик), екінші кездесуінде Барух Шмаиловты (Израиль), кейін Вадим Бунескуды (Молдова), ал ширек финалда моңғолиялық Херленг Ганболдты жеңіп, жартылай финалға…
19:06 | 21 қыркүйек 2018
Бакуде өтіп жатқан Әлем Чемпионатында 66 келіге дейінгі салмақта күресіп жатқан Ерлан Серікжанов финалға жолдама алды. Жартылай финалда әлем рейтингінің көшбасшсы израилдік Тель Фликерді жеңіп, шешуші сында күресуге мүмкіндік алды.
Ерлан Серікжанов іріктеу кезеңінің алғашқы белдесуінде Артур Карлос Джуниорды (Мозамбик), екінші кездесуінде Барух Шмаиловты (Израиль), үшінші белдесуінде молдовалық Вадим Бунеску ал ширек финалда моңғолиялық Херленг Ганболдты жеңіп, жартылай финалға шыққан…