Жаңалықтар

16:29 | 13 қазан 2018
Бүгін ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Абулғазин Данияр Рустэмұлының туған күні! Құрметті Данияр Рустэмұлы! Қазақстан дзюдо федерациясы сізді бүгінгі туған күніңізбен құттықтайды! Елімізде спорттың дамуына қосқан үлесіңіз ұшан теңіз! Әрқашан да отандық спортшыларды қолдап, спорт саласында атқарып отырған игі бастамаларыңыз үшін алғысымыды білдіреміз! Бүгінгі айтулы күнде сізге ұзақ өмір, зор…
03:47 | 11 қазан 2018
Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында дзюдошы Бекарыс Сәдуақас аралас командалық сайыста қола жүлдегер атанды. Аралас командалық жарыста әр елдің спортшылары осы уақытқа дейін Олимпиада ойындары өткен қала атауымен аталатын командаларға бөлінді. Қазақстандық Маргарита Гриценко "Барселона" командасына түссе, Бекарыс Сәдуақас "Лондон" құрамасының сапында болды. Жарыс ережесі бойынша, әр командада 4 қыз, 4 ер бала 8 салмақ бойынша белдесті. Қыздар: -44 кг,…
00:58 | 10 қазан 2018
Буэнос-Айрес қаласында жасөспірімдер арасында Жазғы Олимпиада ойындарында дзюдо бойынша сайыстар өтіп жатыр. Қазақстандық дзюдошы Маргарита Гриценко финалда кадеттер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Игл Рафаэлге есе жіберіп, жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Айта кетерлігі, 78 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Маргарита Гриценко ширек финалда эквадорлық Эдиц Ортизді жеңсе, жартылай финалда чех балуаны Эстер Свободованы уақытынан бұрын таза жеңіске қол жеткізген…
00:55 | 10 қазан 2018
Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Бекарыс Сәдуақас қарсылас шақ келтірмей Чемпион атанды. 100 келіге дейінгі салмақта белдескен балуан финалда грузиялық спортшы Илья Сулманидзені уақытынан бұрын айқын басымдықпен жеңді. Сәдуақас Бекарыс жарысқа екінші айналымда қосылды. Алғашқы белдесуінде Аболфазл Бахтиари Шожаиді иппонмен ұтса, жартылай финалда Вег Цомбордан басым түскен еді.
20:41 | 09 қазан 2018
Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында жасөспірімдер арасында Жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Дзюдодан Қазақстан сапынан сынға түскен екі дзюдошымыз да финалға жолдама алды. 100 келіге дейінгі салмақта белдесіп жатқан Сәдуақас Бекарыс жарысқа екінші айналымда қосылды. Алғашқы белдесуінде Аболфазл Бахтиари Шожаиді иппонмен ұтса, жартылай финалда Вег Цомбордан басым түсті. Ал 78 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Маргарита Гриценко ширек финалда эквадорлық Эдиц Ортизді…

Әлеуметтік желідегі парақшалар