Жаңалықтар

20:07 | 10 қараша 2018
Ташкентте өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінде қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалдық кезеңде Моңғолия спортшысы Дагвасурен Ниямсуренді голден скорда (қосымша уақытта) ұтты. 81 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Дидар Хамза аталмыш жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Дидар финалға дейін Мехди Фазипорадалды (Иран), Алфонсо Солана Уркюзаны (Испания), Аттила Унгвариді (Венгрия) және Алексиос Нтанацидисті жеңген болатын. Осылайша, Дидар Хамза…
16:21 | 10 қараша 2018
81 келіге дейінгі салмақта күрескен Дидар Хамза Ташкентте өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінің финалына шықты. Финалда моңғолиялық Дагвасурен Нямсуренмен кездеседі. Дидар финалға дейін Мехди Фазипорадалды (Иран), Алфонсо Солана Уркюзаны (Испания), Аттила Унгвариді (Венгрия) және Алексиос Нтанацидисті жеңді. Финалдық кезең Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Жарысты тікелей эфирде "Qazsport" арнасы көрсетеді.
11:33 | 06 қараша 2018
9-11 қараша күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан Гран При өтеді. Әлемнің 48 елінен 383 спортшы қатысады деп жоспарланған. Аталмыш әлемдік кезеңде Қазақстан намысын 21 дзюдошы қорғайды. Олар: Әйелдер: Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг) Салтанат Сұлтанбекова (-48 кг) Севара Нишанбаева (-57 кг) Анна Казюлина (-57 кг) Иоланта Бердібекова (-63 кг) Аэлита Щербакова (-70 кг) Ажар Салықова (-70 кг) Зарина Райфова (-78…
22:01 | 04 қараша 2018
Ақтау қаласында 3-4 қараша күндері «Маңғыстау-арена» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы мәресіне жетті. Аталмыш турнир 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Биыл Азия дзюдо одағының күнтізбесіне сәйкес өткізіліп отырған турнирде Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Греция, Қырғызстан, Моңғолиядан жиналған 100-ден аса дзюдошы ең мықтыны анықтады. Қазақстан құрамасы жарысты 7…
21:43 | 03 қараша 2018
Ақтауда ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы басталды. Аталмыш турнир 2009 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Биыл Азия дзюдо одағының күнтізбесіне сәйкес өткізіліп отырған турнирге Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Греция, Қырғызстан, Моңғолиядан 100-ден аса дзюдошы қатысып жатыр. Жарыстың салтанатты ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Спорттық жекпе жек және күш қолданылатын…

Әлеуметтік желідегі парақшалар