Жаңалықтар

15:13 | 10 қыркүйек 2018
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың туған күні. Қазақстан дзюдо федерациясы Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды! Қазақстанда спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосып, спортшылар мен спорт жанашарыларын үнемі қолдап жүретініңіз біз үшін құрмет! Сізді бүгінгі туған күніңізбен құттықтай отыра, деніңізге саулық, ісіңізге сәттілік тілейміз!
13:52 | 10 қыркүйек 2018
Қазақстандағы алғашқы Әлем кубогінде 200-ге жуық балуан белдесуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Кеше, 9 қыркүйек күні Атырау қаласында парадзюдодан әлем кубогының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және бір топ шет елден келген меймандар қатысты. Аймақ басшысы барша қатысушыларға сәттілік тілеп, тартысты да әділ жарыс көргісі келетінің жасырмады. Әлем кубогының нәтижесі бойынша Токио…
14:40 | 03 қыркүйек 2018
Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Айдын СмағұловOlympic.kzсайтына сұхбат беріп, Джакартадағы Азия ойындарына нүкте қойды. «Біз Азиададан 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль аламыз деген мақсат қойғанбыз. Сол жоспар толықтай орындалды. Төрешілер қателігінен біраз ұпайымыз есептелмей қалды. Алтынға басты үміткер Елдос Сметовтің жарақаты да алаң болды біз үшін. Қуанышқа қарай, бәрі жақсы аяқталды. 81 келідегі Дидар Хамза Джакарта төрінде…
16:47 | 01 қыркүйек 2018
Дзюдодан Қазақстан құрама командасы аралас командалық жарыста Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Қазақстанстандық дзюдошылар ширек финалда Үндістан командасын 4:0 есебімен таза жеңіп, уақытынан бұрын жарысты аяқтады. Ал жартылай финалда Өзбекстан құрамасынан 4:3 есебімен басым түсіп, финалға шықты. Финалдық кездесуде Жапония құрамасына 4:0 есебімен жол берген қазақстандықтар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Аралас командалық жарысқа Қазақстан құрамасынан Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев,…
16:36 | 31 тамыз 2018
Қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исанова Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. Ол жұбаныш финалында Моңғолия спортшысы Мунхтуя Баттулганы жеңіп, ел қоржынына дзюдодан Азия ойындарының үшінші қоласын салды. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Джакартада дзюдодан Дидар Хамза чемпион атанса, Отгонцэцэг Галбадрах, Елдос Жұмақанов қола медаль алған болатын.

Әлеуметтік желідегі парақшалар