Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирінің ресми жеребе тарту рәсімі өтті

Астанада әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің ресми жеребе тарту рәсімі өтіп, спортшылар алғашқы қарсыластарын білді.
Салтанатты рәсімге Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Тимур Болат, Федерацияның вице-президенттері Ержан Зайдинов пен Асхат Житкеев қатысты.
Сондай-ақ, іс-шараға Халықаралық дзюдо федерациясының атынан ұйымның спорт директоры Владимир Барта, төрешілік жөніндегі директор Рауль Камачо Перес және білім беру жөніндегі директоры Даниэль Ласкау қатысып, алдағы жарыстың жеребе тарту рәсімін өткізді.
8-10 мамыр әлемнің үздік дзюдошылары Астана татамиінде өзара мықтыны анықтайды.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер