Жаңалықтар

16:15 | 03 маусым 2014
«Дзюдо федерациясы» РҚБ ұжымы, федерацияның Бас хатшысы Қаймақов Абай Тұрсынбекұлын туған күнімен құттықтайды! Ұжым атынан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, әр бастамаңызға сәттілік, отбасына амандық тілейміз! Дзюдоны дамытуға зор үлесіңізді қоса беріңіз!
21:53 | 01 маусым 2014
Қазақ дзюдошысы Сейдуалы Асылжан (55 келі) Австрияда жастар арасында өткен Еуропа кубогінің (31 мамыр - 1 маусым) қола жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша Мағауяұлы Табиғат, Ерғалиев Еламан, Сатывалды Еңлік және Духтурбаева Руза алғашқы бестікке енді.
22:04 | 17 мамыр 2014
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Александра Подрядова (48 келі) Орынборда өткен Еуропа кубогінде қола жүлдегер атанды. Кіші финалда Александра татами иесі Алана Лазаровадан басым түсті. Александра Подрядова өткізген белдесулер: В пулі Ольга Тарасова (Ресей) – жеңіс Катерина Нахаенка (Беларусь) – жеңіліс Жұбаныш белдесуі Айгүл Акуина (Ресей) – жеңіс Альбина Нұрисламова (Ресей) – жеңіс 48 келі. Қорытынды: 1. Катерина Нахаенка (Беларусь)…
09:46 | 14 мамыр 2014
11-13 мамыр аралығында Шымкент қаласында «Шымкент ашық біріншілігі» өткізілді. Жарысқа елімізден және Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжікстаннан келген 27 команда қатысты. 240 спортшы 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жарыс хаттамасы сайттың «нәтижелер» бөлімінде.
10:10 | 12 мамыр 2014
Мамыр айының 10-11 аралығында өткен Еуропа кубогында дзюдодан жасөспірімдер құрамасы екі медальді жеңіп алды. Науатбек Ақмарал (40 келі) алтыннан алқа тақса, Карчаева Аида (48 келі) жарыстың қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Шамшидин Мағжан (55 келі) және Жауынтаев Бауыржан (60 келі) үздік жеті спортшының қатарына енді.

Әлеуметтік желідегі парақшалар