Жаңалықтар

15:22 | 14 қыркүйек 2015
Алматы қаласында өткізілген әлем біріншіліктерінің қорытындысы бойынша федерация басшылығы спортшылар мен бапркелерді ресми түрде құттықтап, қаржылай сыйлықтар ұсынды. Жиын барысында дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев Астанада өткен әлем біріншілігін қорытындылады. Кеңес Рақышев спортшыларды жеңістерімен тағы да құттықтап, әлем чемпионы Елдос Сметовке - 15 млн.тенге, күміс жүлдегер Рустам Ыбраевқа - 10 млн.теңге, ал кадеттер арасында әлем чемпионы Айболат Ыстыбайға - 1…
16:23 | 13 қыркүйек 2015
Қарағанды қаласында 11-12 қыркүйек аралығында жастар арасында өткізілген халықаралық жарыс мәресіне жетті. Оған Қазақстан облыстары мен Қырғызстан мен Өзбекстаннан және Тәжікстаннан келген 150 спортшы қатысты. Нәтижесінде Қызылорда облысының дзюдошылары медаль қоры бойынша бірінші орын, Шығыс Қазақстан облысының спортшылары екінші орын алды. Үшінші орын Өзбекстан балуандарының еншісінде.
15:04 | 12 қыркүйек 2015
Дзюдо және самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы,көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, мақтанышымыз Гүлжан Исанованы туған күнімен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, бақыт, береке, алдағы жарыстарда жеңіс тілейміз!
20:06 | 10 қыркүйек 2015
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сіздерді дзюдо күресінен әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша өткізілетін баспасөз конференциясына шақырамыз. Шара барысында жеңіске жеткен спортшылар марапатталатын болады. Баспасөз конференциясы ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде cағат 11.00-де Алматы қаласы, Intercontinental Almaty қонақ үйінде «Абай» залында өткізіледі. Сөз сөйлеушілер: -Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Рақышев Кеңес Хамитұлы; -Қазақстан дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы; -Қазақстан дзюдо федерациясының…
18:00 | 10 қыркүйек 2015
2015 жылдың 11-12 қыркүйегі аралығында Қарағанды қаласы «Жастар» спорт кешенінде 1995-1996 жылғы жастар арасында дзюдо күресінен V халықаралық жарыс өткізіледі. Турнир Азия дзюдо федерациясының қолдауымен ҚР Ата заңына және Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толуына орай өткізіледі. Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан мен Моңғолия спортшылары және Астана мен Алматы қалалары мен еліміздің14 облысының дзюдошылары қатысады деп жоспарланған.

Әлеуметтік желідегі парақшалар