Жаңалықтар
17:28 | 12 қазан 2015
Азия біріншілігінде алғашқы екі күн қатарынан кадеттер құрамасы бақ сынады. Олардың қоржындарында 6 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль бар.Осының арқасындаеліміздің кадеттер құрамасы жалпы командалар арасында бірінші орын алды. Қорытынды:
1 орын :
Ақмарал Науатбек (44 келі, Астана)
Ғалия Тынбаева (48 келі, Алматы қаласы
Кәмилә Берліқаш (+ 70 келі, Алматы облысы)
Архат Әнуарбек (50 келі, Жамбыл облысы)
Сұңғат Жұбатхан (60…
03:58 | 12 қазан 2015
Осы күндері Бангкокта жастар арасында өткізіліп жатқан Азия біріншілігінде жарыстың алғашқы күні Мадияр Сембаев (73 келі) екінші орын алса, ал Қанат Сейілхан (55 келі) біріншіліктің қола жүлдегері атанды.
Сонымен қатар, жастардан жасақталған қыздар құрамасы да жүлделерімен қуантты. Гүлфайруз Наймантаева (44 келі), Кәмшәт Қарасайқызы (52 келі) мен Мөлдір Болатбекова (57 келі) барын салды. Нәтижесінде үшеуі бірдей жарыстың қола жүлделерін жеңіп алды.…
11:26 | 11 қазан 2015
КСРО спорт шебері Дуанов Мұратбек Базарқатұлын еске алуға арналған (ШҚО, Өскемен) жастар арасындағы халықаралық турнирге Қазақстан және Ресейден келген 167 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша мадаль қорымен ШҚО спортшылары бірінші, Алматы облысының дзюдошылары екінші орын алды, Астана қаласының балуандары үшінші орынды місе тұтты. Командалық есепте ШҚО екі бірдей командасы бірінші және екінші орынды өзара бөлісті, ал үшінші орынға Астана қаласының…
21:38 | 10 қазан 2015
Бангкокта кадеттер арасында өткізіліп жатқан Азия біріншілігінің екінші күні де қазақ құрамасы үшін жемісті болды. Мәди Амангелді (73 келі, Астана), Санжар Жабборов (+ 90 келі, Карағанды облысы) және Әйгерим Тасболат (57 келі, ОҚО) қола медаль иегерлері атанда. Сонымен қатар, Кәмилә Берліқашқа (+ 70 келі, Алматы облысы) өз салмағында тең келер ешкім болмады, ол Азия чемпионы болды.
19:56 | 09 қазан 2015
Кадеттер арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде қыздар арасында Ақмарал Науатбек (44 келі, Астана) пен Ғалия Тынбаева (48 келі, Алматы қаласы) алтын алды, ал Әдия Сайын (40 келі, Қызылорда облысы) күмісті олжалады, Аида Карчаева (52 келі, Жамбыл облысы) үшінші орын иегері атанды. Ұлдар арасында Архат Әнуарбек (50 келі, Жамбыл облысы) пен Сұңғат Жұбатхан (60 келі, Ақтау) және Жанқожа Марат (66 келі,Қызылорда)…