Жаңалықтар

17:51 | 28 тамыз 2015
Астанада өтіп жатқан дзюдо күресінен әлем чемпионатының бесінші күні қазақстандық спортшылар үшін сәтсіз аяқталды. Татамиге шыққан 4 балуанымыз да бастапқы бәсекелерінде жеңіліс тапты. 70 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған Ділбәр Өмірәлиева бірінші кездесуінде польшалық Клюс Катарзунаға есе жіберіп қойды. Жарыстан кейін жерлесімізбен тілдесіп, бір-екі сауал қойған болатынбыз. – Ділбәр қателік қай жерден кетті? – Дайындық жоғары деңгейде болды. Бұрынғымен…
15:03 | 28 тамыз 2015
Дзюдодан қазақ құрамасының 90 келі салмақ дәрежесіндегі бірінші нөмірі Ислам Бозбаев алғашқы кездесуде австралиялық Диего Барретоны ұтса, екінші айналымда иппонмен Еуропа чемпионатының жүлдегері француз Александре Иддирге ұтылып қалды. "Жарысқа әбден дайын болдым, - дейді Ислам, - Қарсыластарды біліп, бапкеріммен бірге арнайы тактиканы құрастырдық, дайындалдық, бірақ дәл осы иппонды күткен емеспін". Сөйтіп, бүгін жарысты бастаған татами иелері алдын-ала кезеңнен шыға алмады.…
14:09 | 28 тамыз 2015
Өкінішке орай, бүгін, әлем чемпионатының бесінші күні татамиге шыққан үш қазақтың қызы жарыстан шығуға мәжбүр болды. Әлем чемпионатының бірінші айналымнан эквадорлық Ванесса Чаладан ұтылған Жанар Қашқын (70 кг), иппонмен Польшаның өкілі Катаржина Клистен жеңіліп қалған Ділбар Өміралиева (70 кг) және Нидерланды елінің спортшысы Стинуистен ұтылып қалған Альбина Амангельдиева шығып кетті.
18:37 | 27 тамыз 2015
Әлем чемпионатының төртінші күнінде жеңімпазды анықтау және қола медаль үшін өткен кездесу аса тартысты өтті. Дзюдо тарихында Словения елінен алғашқы әлем чемпионы шықты. Ол – Тина Трстеняк. Өткен жылғы әлем чемпионатында Тина қола жүлдегер атанған еді. Биыл ол өзін дәлелдеп, чемпиондық үшін өткізген кездесуде екі дүркін әлем чемпионы, франциялық Кларисс Агбегненуден басым түсті. Чемпионат алдында 63 келіге дейін салмақта чемпиондықтан…
17:16 | 27 тамыз 2015
Астанада дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші күні аяқталуға жақын. Енді ерлер 81 келіде, ал әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта топтық кезеңнен шыққан спортшылар жүлделі орындар үшін күреседі. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен Әзиз Қалқаманұлы екінші, Мариан Ордабаева үшінші айналымда жарыс жолынан шығып қалды. Бүгін чемпионатты тамашалауға келген кореялық жанкүйерлердің көңіл-күйі жақсы емес. Себебі, олар үміт артқан…

Әлеуметтік желідегі парақшалар