Жаңалықтар
22:50 | 19 қаңтар 2018
Тунисте дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі басталды. Жарыстың бірінші күнінде дзюдошылар 5 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Қазақстан құрама командасынан 4 дзюдошы татамиге шығып, оның 2-еуі жеңіс тұғырынан көрінді.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз Ғұсман Қырғызбаев жарыстың қола жүлдесін қанжығалады. Ғұсман Қырғызбаев жарысқа екінші айналымнан қосылды. Алғашқы қарсыласы Ресей балуаны Альберт Монгушты, екінші айналымда бельгиялық Джори Верстритенді иппонмен жеңіп,…
14:50 | 18 қаңтар 2018
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің шешімен дзюдодан Қазақстан ұлттық ерлер құрама командасының бас бапкері ауысты. Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері ретінде ресми түрде Смағұлов Айдын Құдайбергенұлы тағайындалғанын хабарлаймыз.
- Мақсатымыз – қазақстандық дзюдошылардың Азия ойындарында, Азия және Әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында нәтижелі күрес көрсетіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізу. Осындай мақсатта…
11:45 | 15 қаңтар 2018
2018 жылдың 19-21 қаңтар күндері Тунисте дзюдодан әлемдік Гран Придің алғашқы кезеңі өтеді. Әлемнің 48 елінен 407 дзюдошы қатысатын әлемдік додада Қазақстан ұлттық құрама сапынан 13 дзюдошы қатысады. Олар:
Жақсыбек Жеңісбек (60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)
Ғұмар Қырғызбаев (66 кг)
Ерлан Серікжанов (66 кг)
Азамат Мұқанов (73 кг)
Жансай Смағұлов (73 кг)
Дидар Хамза (81 кг)
Қажымұқан Өтеулиев (81…
23:00 | 16 желтоқсан 2017
Бүгін Түркияның Анталия қаласында парадзюдодан халықаралық турнир өтті.
Əлемнің 9 елінің дзюдошылары қатысқан ірі додада Қазақстан құрама командасының дзюдошылары жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, Ануар Сариев (60 кг) пен Ғалымжан Махмудов (90 кг) Чемпион атанса, Даулет Теміржанов (73 кг) пен Азамат Бимұратов (81 кг) күміс медальға ие болды.
22:42 | 16 желтоқсан 2017
Дзюдодан Санкт-Петербургте өтіп жатқан əлемдік "Masters" турнирінде 66 келіге дейінгі салмақ дəрежесінде белдескен қазақстандық дзюдошы Елдос Жұмақанов күміс медальға ие болды.
Əлемнің үздік дзюдошылары бақтарын сынап жатқан додада Елдос Чибана Чарлизді ұтып, жартылай финалға жолдама алған болатын. Жартылай финалда отандасымыз грузиялық Ваза Маргвенашвилиді иппонмен жеңді.
Алайда, Елдос Жұмақанов финалда моңғолиялық дзюдошы Херленг Ганболдқа есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.