Жаңалықтар

13:21 | 19 сәуір 2026
Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында аралас командалық жарыста күміс медаль жеңіп алды. Финалда отандастарымыз Моңғолия құрамасына жол берді. Жалпы командалық есеп: 1-орын – Моңғолия 2-орын – Қазақстан 3-орын – Қырғызстан, Корея Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанған Ұлттық құрама сапында: Дана Әбдірова (-57 кг), Ажар Асхат (-70 кг), Аида Тойшыбекова (+70 кг), Ануар Жұмагелдин (-73…
15:29 | 17 сәуір 2026
Қытай Халық Республикасының Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы Алмат Әділет алтын медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз финалда Сомон Махмадбековтен (Тәжікстан) басым түсіп, құрлық біріншілігінің чемпионы атанды. Айта кетейік, бұл – Алмат Әділеттің ересектер арасындағы Азия чемпионаттарындағы алғашқы алтын жүлдесі. Соңғы рет еліміз құрлықтық доданың алтын жүлдесін 2022…
00:45 | 13 сәуір 2026
Италияның Линьяно-Саббьядоро қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті. Қазақстан құрамасының спортшылары жарысты 1 алтын және 3 қола жүлдемен аяқтады. Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальді Балғабай Досбол (-81 кг) салды. Қола жүлдегерлер қатарынан Ерасыл Ержанов (-66 кг), Мырзатай Қыдырбай (-81 кг) және Шерхан Алпанов (+100 кг) көрінді. Айта кетейік, халықаралық жарысқа 28 елден 595 жас татами шебері қатысты. Қазақстан дзюдо…
10:56 | 11 желтоқсан 2025
11-14 желтоқсан күндері Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дзюдодан 2006-2008 жылдары туған жас спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жас татами шеберлерінің басты додасына Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ еліміздің 17 облысынан келген 551 дзюдошы қатысып, төрт күн бойы мықтыны анықтайды. Биылғы біріншіліктің ерекшелігі – қатысушылар қатарында халықаралық ареналарда көзге түскен талантты спортшылар белдеседі. Атап айтқанда, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ернұр…
14:19 | 25 қараша 2025
Ақтауда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. 27-30 қараша күндері өтетін ел біріншілігіне 2009-2010 жылы туған жасөспірім дзюдошылар қатысады. «Маңғыстау арена» спорт кешенінде төрт күн бойы еліміздің 17 облыс және 3 қаласынан жас татами шеберлері өзара мықтыны анықтайды. Жарыс күн сайын сағат 9:00-де басталады. Ашылу салтанаты 28 қараша сағат 15:00-ге жоспарланған. Қазақстан Чемпионаты Қазақстан дзюдо федерациясының YouTube каналында тікелей…

Әлеуметтік желідегі парақшалар