Жаңалықтар
20:02 | 10 мамыр 2026
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік бәсекесін тарихи жетістікпен аяқтады. Астана қаласында өткен бәсекеде дзюдошылар екі алтын, екі күміс және төрт қола жүлдеге қол жеткізді.
Әлемнің 36 елінен 295 татами шебері қатысқан әлемдік доданы Қазақстан құрамасы жалпы медаль кестесінде 3-ші орынға тұрақтады.
Атап айтқанда, 81 келіге дейінгі салмақта Жалғас Қайролла мен –100 келі салмақ дәрежесінде Марат Байкамуров турнир…
19:59 | 10 мамыр 2026
Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты.
100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Марат Байқамұров финалда Молдова өкілі Гимбовчи Вадимнен басым түсіп, турнир чемпионы атанды.
Айта кетсек, Марат Байқамұров 2025 жылғы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанған болатын. Биыл ол өз нәтижесін жақсартып, алтын медаль…
16:44 | 10 мамыр 2026
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Олимпиада ойындарынан кейін алғаш рет татамиге шығып, Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің көркін қыздырды.
Дзюдо жанкүйерлері сағына күткен саңлақтың елорда татамиінде төбе көрсетуі — біз үшін үлкен мәртебе. Әсіресе, ұлы Омар Бақтыбаймен бірге татамиге шығып, көпшілікке ерекше әсер сыйлаған сәті көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде…
19:09 | 09 мамыр 2026
Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті.
81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жалғас Қайролла финалдық белдесуде Молдова өкілі Петру Пеливанды жеңіп, турнир чемпионы атанды. Айта кетейік, 22 жастағы Жалғастың қарсыласы — Grand Slam турнирлерінің төрт дүркін жүлдегері және Masters турнирінің қола жүлдегері.
Бұл — Жалғас Қайролланың мансабындағы…
18:31 | 09 мамыр 2026
Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. 73 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ансарбек Ғайнуллин шешуші белдесуінде Влад Митруден (Молдова) басым түсіп, өз мансабындағы алғашқы Grand Slam қола жүлдесін жеңіп алды. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына қос жүлде түскен болатын. 60 келіге дейінгі салмақта…




