Тарих! Марат Байқамұров Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы атанды!

Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты.
100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Марат Байқамұров финалда Молдова өкілі Гимбовчи Вадимнен басым түсіп, турнир чемпионы атанды.
Айта кетсек, Марат Байқамұров 2025 жылғы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанған болатын. Биыл ол өз нәтижесін жақсартып, алтын медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан қоржынына тағы бір алтын жүлде түсіп, тарих жаңартылды. Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында алғаш рет екі күн қатарынан чемпион шықты.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер