Қазақстандық дзюдошылар Грацтағы Еуропа кубогында екі қола медаль жеңіп алды
16:08 | 01 маусым 2026

Австрияның Грац қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті.
Халықаралық додада Қазақстан құрамасының өкілдері Глеб Азаров (-90 кг) пен Руслана Махатова (+78 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарысқа әлемнің 34 елінен 617 жас дзюдошы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
0 пікірлер