Виктор Демьяненко: "Ережелердегі айырмашылыққа біртіндеп үйреніп келемін"
Қазақ күресінде өз күшін сынап көруге бел байлаған қазақстандық дзюдошы Виктор Демьяненко (1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Виктор Демьяненконың немере інісі) "Қазақстан барысы" туралы туралы өз ойымен бөлісті.
"Дзюдодан өзгешелеу ережелерге біртіндеп үйреніп келемін. Айырмашылықтар анау айтқандай болмаса да, бар. Қазақ күресінде мысалы, дзюдода рұқсат етілмеген көптеген қармау әдістерге рұқсат етілген.
Менің спарринг-серіктесім - алматылық финалда мені жеңген Арслан Әбдіхамит. Турнирде қарсылас болатынымызға қарамай, бір бірімізге көмектесіп жатырмыз,
Жарысқа қатысатын кейбір спортшылардың ауыр салмағы ойландыра ма дейсіз бе? Ең басты мәселе осы болып тұр. Қарсыластар салмақпен басып кетуі мүмкін, бірақ екінші жағынан алғанда, ондай балуандар епетейсіздеу қозғалады, техникалары да аздау болады, мен осы жақтан ұтуға тырыспақпын. Ал менің салмағыма келер болсақ, мен 100 келі шамасындамын. Турнир үшін арнайы салмақ қосқан жоқпын», деді Демьяненко vesti.kz порталына берген сұхбатында.
0 пікірлер