Жаңалықтар

11:44 | 16 қыркүйек 2019
20-22 қыркүйек күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан Гран При кезеңі өтеді. Әлемдік додаға 73 елден 464 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Ташкент татамиінде Қазақстан намысын 27 дзюдошы қорғайды. Ерлер: Бауыржан Жауынтаев (-60 кг) Даурен Сүйеукенов (-60 кг) Сұңғат Жұбатқан (-66 кг) Есет Қуанов (-66 кг) Ақылбек Серік (-73 кг) Жансай Смағұлов (-73 кг) Дидар Хамза (-81 кг) Руслан Мұсаев (-81…
12:17 | 13 қыркүйек 2019
25-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өтетін әлем біріншілігінде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтетін байрақты бәсекеге әлемнің 71 елінен 483 жас татами шебері қатысады деп жоспарланған. Айта кетерлігі, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өткізуге Алматымен (Қазақстан) қатар, Ұлан-Батыр (Моңғолия) мен…
15:21 | 05 қыркүйек 2019
2019 жылдың 5-8 қыркүйек күндері Зағип жандарға арналған халықаралық спорт федерациясының (IBSA) күнтізбесіне сәйкес Атырау қаласында дзюдодан лицензиялық Азия және мұхит аралдары Чемпионаты өтеді.Аталмыш құрлықтық біріншілікте жеңімпаз бен жүлдегер атанған спортшыларға Паралимпиадалық рейтингте ұпай сандары қосылады. Атырау татамиінде тұңғыш рет өткізілетін байрақты бәсекеге Асвстралия, Қытай, Индонезия, Индия, Иран, Жапония, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Шри Ланка, Тайланд, Тайвань, Өзбекстан және Қазақстаннан…
11:00 | 27 тамыз 2019
Токиода өтіп жатқан Әлем чемпионатының үшінші күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды. 27 тамыз Қазақстан ерлер құрамасы сапынан шыққан Жансай Смағұлов бірінші белдесуінде Израиль спортшысы Тохар Будбулдан жеңілді. Ал 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Севара Нишанбаева бірінші қарсыласы вьетнамдық спортшыны иппонмен ұтты. Алайда, екінші кездесуінде панамалық Мариям Поперге есе жіберді. Айта кетерлігі, Токиода басталған Әлем чемпионатына әлемнің 147 елінен 900-ге…
17:50 | 25 тамыз 2019
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Токиода өтіп жатқан Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Жұбаныш финалда ол отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевты жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына қола медальді салды. Елдос Сметов ширек финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Ширек финалға дейін ол Саод Аламириді (Кувейт), Эльиос Манзиді (Италия), Али Хоусровты (Иемен) жеңді. Ширек финалда Елдосты жапониялық Ружу Нагаяма тоқтатты. Жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алған Елдос…

Әлеуметтік желідегі парақшалар