Қазақстан құрамасы Әбу-Дабиде өтетін Grand Slam жарысына қатысады

14:38 | 21 қазан 2019

Қазақстан құрамасы Әбу-Дабиде өтетін әлемдік Grand Slam кезеңдеріне дайындықты бастады. Қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары Алматы облысында орналасқан AIBA спорт базасында жаттығып жатыр.

Бас бапкер Айдын Смағұлов «Әлем чемпионатынан кейін командада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бәрі де бабында, бәрінің де көңіл-күйлері тамаша. Осакада өтетін Grand Slam турниріне рейтингтегі ұпайы аздау спортшыларды апарамыз. Желтоқсан айында жылдың қорытынды жарысы – үздік 16 спортшы қатысатын Masters додасы бар. Ал 2020 жыл, Олимпиада жылы Израильдегі турнирмен басталады. Рейтингтегі ұпайымыз жаман емес, команданың басым бөлігі жолдама алады деген сенім бар», - дейді.

24-26 қазан күндері Әбу-Дабиде өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан сапынан 16 спортшы қатысады.

Ерлер:

1.Елдос Сметов

2.Ғұсман Қырғызбаев

3.Елдос Жұмақанов

4.Ерлан Серікжанов

5.Жансай Смағұлов

6.Дидар Хамза

7.Руслан Мусаев

8.Ислам Бозбаев

9.Арман Қалиев

10.Айбек Серікбаев

11.Ғалымжан Қырықбай

12.Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

1.Анна Казюлина

2.Севара Нишанбаева (57 кг)

3.Иоланта Бердібекова (63 кг)

4.Зере Бектасқызы (70 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар