Жаңалықтар

15:37 | 21 наурыз 2014
Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-При сериясының (21-23 наурыз) алғашқы жарыс күнінде 60 және 66 келі салмақтағы балуандар бақ сынауда. 66 келіде Қазақстан намысын қорғаған Елдос Жұмаханов (суретте ақ кимонода) жартылай финалда әзірбайжандық Ниджат Шихализадамен кездеседі. Бұған дейін жерлесіміз португалиялық Серджиу Олейник пен Еуропа чемпионы, ресейлік Әлім Гадановты ұтқан болатын. Бұл салмақта татамиге шыққан Наурызбек Майлашев алғашқы жекпе-жегінде грузиялық Гиорги…
15:09 | 21 наурыз 2014
Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан Гран При бәсекесі (21-23 наурыз) өтуде. Алғашқы жарыс күнінде татамиге шыққан қазақ балуандары әзірге сәтті өнер көрсетіп келеді. Бүгін 60және 66 келідегі балуандар жүлдеге таласуда. 60 келі салмақ дәрежесінде бапкерлер Еркебұлан Қосаев пен Ғабит Есімбетовке сенім артқан еді. Лондон Олимпиадасында бақ сынаған тәжірибелі Еркебұлан (суретте ақ кимонода) украиндық Денис Беличенко және грузиялық Гиорги Бролашвилиден айла асырып,…
19:05 | 19 наурыз 2014
Аталған салтанатты рәсімге қалалық әкімшілік пен Қазақстан бокс федерациясының басшылары, спорттық ұйым өкілдері, спорт ардагерлері, сондай-ақ, балалар спорт мектебінде тәлім алатын балғын спортшылар қатысты. Айтулы спорттық мерекеге Түркістан қаласының әкімі Б. А. Әшірбеков, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті С.Қ. Қонақбаев, спорт ардагері А. Ақжол және Олимпиадаға даярлау орталығының директоры Е.С. Ыбырайымовтар қатысып, қала халқын жаңа нысанның бой көтеруімен құттықтады. Түркістандағы дене…
13:39 | 18 наурыз 2014
Жасөспірімдер арасында өткен Еуропа кубогында Қызылорда облысы дзюдо мектебінің тәрбиеленушісі Жауынтаев Бауыржан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, қыздар арасында Астана қаласынан Науатбек Ақмарал 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды қанжығасына байласа, 48 келі салмақта Тараздың тумасы Аида Карчаева 3 орынды иеленді. Естеріңізге салайық, жарыс Анталияда ағымдағы жылдың 15 – 16 наурыз аралығында өтті. Оған…
01:39 | 07 наурыз 2014
Айман және Шолпан Қалиевалар ел дзюдосындағы шоқтығы биік арулар. Жарық дүниеге қатар келген олар спорт залының есігін де бірге ашты. Ірі жарыстарда ел намысын абыроймен қорғады. Алайда, екеуі егіз болғанымен, Олимпиада ойындарына қатысу бақыты екеуіне бірдей бұйырған жоқ. Әсіресе, Айман Афиныдағы төртжылдық додасынан тыс қалған соң, үлкен спорттан қол үзбегенде, бізге басқаша сұхбат берер ме еді?! Бүгін біздің сайтымыз жас…

Әлеуметтік желідегі парақшалар