Жансай Смағұлов "Grand Slam" жарысының күміс жүлдегері
00:13 | 09 ақпан 2020
Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов "Grand Slam" жарысының финалында жапониялық Соиши Хашимотоға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен ол Қазақстан қоржынына екінші медальді салды.
Жансай Смағұлов жарыс барысында финалға дейін 6 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен болатын. Атап айтқанда, іріктеу кезеңінде Виктор Стерпуді (Молдова), Ахн Жонсунгты (Оңтүстік Корея), Артур Маргелидонды (Канада), Алеко Мамиашвилиді (Грузия) және Самон Махмедбековты (Тәжікістан) жеңді. Ал жартылай финалда моңғолиялық Ценд-Ошир Цогбаатарды айқын басымдықпен ұтты.
Айта кетерлігі, Жансай Смағұлов жарыстың күміс жүлдесімен қатар, әлем рейтингіне 700 ұпайды да еншіледі.
0 пікірлер