Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

19:08 | 07 ақпан 2020

Бүгін Қостанайда "Қостанай" спорт кешенінде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы дзюдо федерациясының президенті Марат Жүндібаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Салтанатты шара барысында Қазақстан Дзюдо федерациясының рефери директоры Нұртазин Мухсин республикалық федерация атынан Марат Жүндібаевқа "Дзюдо тарланы" төс белгісін табыстады. Сондай-ақ, Қостанай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бегалинді, Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы Абай Сарыбаевты федерация алғыс хатымен марапаттады.

2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан додаға еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық спортшы қатысуда. Жарыстың алғашқы күнінде жасөспірім қыздар 40,44, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде белдессе, жасөспірім ұлдар 50 және 55 келіге дейінгі салмақта өзара мықтыны анықтады.
Аталған біріншілік нәтижесі бойынша 2020 жылы ел намысын халықаралық додаларда қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.
Назарларыңызға Қазақстан Чемпионатының бірінші жарыс күнінің нәтижесін ұсынамыз:
Қыздар:
40 кг
1. Сaрa Шугaевa (Жaмбыл облысы)
2.Нұрaйлым Сaрсенбек (Қaрaғaнды облысы)
3. Aльмирa Aккин (Ақтөбе облысы)
3.Ғазиза Нұрмұхaмедқызы (Aлмaты облысы)
44 кг
1.Жансая Ерқуанышова (Қостанай облысы)
2. Самал Маликқызы (Қызылорда облысы)
3. Айшабибі Мурадимова (БҚО)
3. Дина Мұханбет (Қызылорда облысы)
48 кг
1.Диана Буркеева (Алматы облысы)
2. Әсемгүл Балтабай (Шымкент қаласы)
3. Дана Абдирова (Атырау облысы)
3. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)
Ұлдар:
50 кг
1. Талғат Орынбасар (Шымкент қ.)
2. Темірлан Меңдіғалиев (БҚО)
3.Жансұлтан Шапағатов (Атырау облысы)
3. Санжар Али (Ақтөбе облысы)
55 кг
1. Шыңғыс Тілепберген (Жамбыл облысы)
2. Серікхан Оразаев (ШҚО)
3. Олжас Құмар (Атырау облысы)
3. Нұрсұлтан Жұбатқан (Маңғыстау облысы

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар