Жеңіске жеткен жастар қаржылай марапатталды

15:37 | 12 қараша 2015

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан дзюдо федерациясы басшылығының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Оның барысында жастар және кадеттер арасында өткізілген әлем біріншіліктерінде жеңіске жеткен спортшылар марапатталды. Жастар арасында әлем чемпионы Мағжан Шәмшәдин және оның жеке бапкері Қален Қалиұлы, жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Арсен Хатип қаржылай мапарапатталды. Сонымен қатар, аталмыш жарыстың қола жүлдегері Никита Азаров пен оның жеке бапкері Сергей Дмитренко қаржылай сертификаттар алды.

Осыған дейін дзюдо федерациясы атынан марапатталған Айболат Ыстыбай мен оның жеке бапкері Мейіржан Есмағанбетов осы жолы Конфедерация тарапынан қаржылай марапатталды.

Мұнан бөлек, командалардың кешенді ғылыми тобының мүшелері Спорттық жекпе – жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы тарапынан қаржылай сертификаттарға ие болды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар