Жаңалықтар

19:05 | 12 мамыр 2015
Астана қаласының оқушылар сарайында жастар және жасөспірімдер арасында еліміздің он дүркін чемпионы, жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері Әйгерім Әбілқадыровамен кездесу өткізілді. Оқушыларды Әйгерімнің неліктен бұл спортты таңдағаны, бос уақытында шұғылданатын істері және әлем біріншілігіне дайындық барысы қызықтырды. Әйгерім жеткіншектердің барлық сұрақатарына жауап беріп, алдағы оқуларына сәттілік тіледі.
18:48 | 08 мамыр 2015
Қазақ дзюдошысы Рустам Ыбраев Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан "Grand Slam " жарысының жеңімпазы атанды. 60 келі салмақта күрескен спортшымыз алғашында швейцариялық Людовик Чамартинді, келесі кездесуде австралиялық Людвиг Пайшерді жеңді. Жартылай финалға жолдама үшін ол Әзібайжанның атақты балуаны, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, әлемдік рейтингіде үшінші тұрған Орхан Сафаровтан басым түсті. Жартылай финалда Рустам неміс дзюдошысы Тобиас Энглмайерді жеңіп ақтық сынға жолдама…
13:10 | 08 мамыр 2015
4-8 мамыр аралығында Павлодар облысының Ақсу қаласында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына орай және ақын, халық композиторы Иманжүсіп Құтпанұлын еске алуға арналған жарыс өткізілді. Оған 2000 және 2001 жылғы 252 спортшы қатысты. Турнир аяқталғаннан кейін 60 –тан астам дзюдошы қатысқан оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
12:25 | 08 мамыр 2015
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатында үздік 7 спортшының құрамына енген (Рио-де-Жанейро, 2013ж.), халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, ұлттық құрама мақтаныштарының бірі - Асхат Тельмановты бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз!Аладығы жарыстарда сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көтерілуін тілейміз!
11:34 | 08 мамыр 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Олимпиада ойындарына қатысқан Әшіров Ахат Сеноровичті туған күнімен құттықтайды! Ұжым атынан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жұмысыңызға жеміс, отбасына амандық тілейміз!

Әлеуметтік желідегі парақшалар