Жаңалықтар

17:18 | 21 наурыз 2016
Жақында Германияда өткен жастар арасындағы халықаралық жарыста жастар құрамасы жеңіс тұғырынан көріне білді. Бұл жастар арасындағы ел чемпионатынан кейін жастар үшін осы жылдың алғашқы халықаралық жарысы. Құрама сапын аға жаттықтырушы Хатип Арсен мен Нұрбек Мықтыбеков бастап барды. Жеңімпаздар: Қанат Сейілхан, 1 орын (55 келі) Жақсыбек Женісбек, 3 орын (60 келі) Бекәділ Шәймерденов, 1 орын (73 келі) Никита Токарев, 2 орын…
11:22 | 18 наурыз 2016
Шымкент қаласында өткізілген халықаралық жаттығу лагері барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов келіп, дзюдошылармен әңгімелесті. Спорт кешенінде кеңес өткізіліп, оның барысында дзюдо федерациясының Бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков дзюдо күресінің дамуы туралы баяндама жасады. Өз кезегінде өңір басшысы дзюдо күресінен Шымкенте өткізілетін турнирдерге дайындық барысы пысықтап, өз тарапынан көмектесетінін айтты.
15:01 | 02 наурыз 2016
6-12 наурыз аралығында Шымкент қаласында еліміздің дзюдо күресінен ұдттық құрама командасы халықаралық жаттығу лагерін өткізеді. Оған Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан ұлттық құрама командалары қатысады. Бұл жаттығулардан кейін спортшыларымыз «Grand Prix» жарыстарына қатысады (Тбилиси, 25-27 наурыз; Самсун, 1-3 сәуір).
14:09 | 23 ақпан 2016
27-28 ақпан күндері Чехия астанасы Прагада «European Judo Open» халықаралық турнирі өткізіледі, оған еліміздің ұлттық командасы келесідей құрамда қатысады: Әбілқайыр Мәуленин (66 келі) Амандық Асауұлы (66 келі) Ілияс Ізмағылов (66 келі) Бақнұр Мырзай (66 келі) Бекжан Әбдуәлиев (73 келі) Бекәділ Шәймерденов (73 келі) Елдар Зәріпханов (81 келі) Тоқтар Қаркатеров (81 келі) Әділет Мисин (81 келі) Мейрамбек Жанабай (90 келі) Бекзат…
11:33 | 23 ақпан 2016
Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының ұжымы дзюдо күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы Раков Сергей Капитоновичтың анасы Ракова Зинаида Николаевнаның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Әлеуметтік желідегі парақшалар