Жаңалықтар

14:31 | 20 маусым 2016
Моңғолияда туып-өскен 24 жастағы балуан Отгонцэцэг Галбадрах Рио олимпиадасына Қазақстан атынан қатыспақ. Дзюдошы қыз «бұл жарыста бұрынғы отандасым басты қарсыласым болады» дейді. 2015 жылы Қазақстан азаматтығын алған тегі моңғолиялық дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах биыл Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін жазғы олимпиада ойындарына баруға дайындалып жүр. Ол Қазақстанға келгенге дейін әйелдер арасында 48 килограмм салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 9-орында тұрған. Оның жерлесі Уранцэцэг Мөнхбат…
13:36 | 20 маусым 2016
18-19 маусым аралығынды Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында дзюдодан 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа, Алматы мен Астана қалаларымен қатар, 13 облыстан 454 дзюдошы қатысты. Медаль саны бойынша 5 алтын, 5 күміс және 1 қола медальмен Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұрса, Алматы облысының балуандары 4 алтын, 2 күміс, 2 қолаға ие болып, екінші орыннан…
15:53 | 18 маусым 2016
- Ұлттық құрама мүшелерінің олимпиадаға жолдаманы аз иеленуіне не себеп деп ойлайсыз? Балуандардың дайындығы әлсіз болды ма әлде мамандарымыздың біліктілігі төмен бе? - Қазіргі қазақ дзюдосында кіші салмақта бәсекелестік аса жоғары деңгейде. Содан болар, 60, 66 келі салмақ дәрежелері бойынша әлемдік рейтингте 3-4 дзюдошымыз алдыңғы қатардан ойып орын алды. Өкініштісі сол, басқа салмақтағы олқылықтар өзекті өртейді. Мәселен, 73 келіге дейінгі…
11:18 | 10 маусым 2016
Қазақстан дзюдо федерациясының атынан «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеевті туған күннімен құттықтаймыз! Сіз дзюдо күресінің дамуына зор үлесіңізді қосып келесіз. Федерация өткізген әр түрлі деңгейдегі жарыста демеуші ретінде қолдау көрсеттіңіз. Игі ісіңіз үшін алғыс айта отырып, бүгінгі ттуған күніңізге орай зор денсаулық, жұмысыңызға жеміс, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
09:29 | 08 маусым 2016
Қазақстан дзюдо федерациясының ұжымы мекеменің вице-президенті Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлын туған күнімен құттықтайды. Сіздің дзюдо күресінің дамуына қосқан үлесіңіз орасан. Осы игілікті істе жұмысыңыз жанданып, қазақ елінің дзюдошылары өз жеңістерімен қуанта берсін. Отбасыңызға береке, ұжымыңызға бірлік, әр бастамаңызға сәттілік тілейміз.

Әлеуметтік желідегі парақшалар