Жаңалықтар

01:46 | 15 қараша 2016
Қызылорда қаласында Қазақстан Дзюдо федерациясының жылдық қорытынды конференциясы өтеді. Конференцияда Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Самат Жылқыбаев пен бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков, даму жөніндегі директоры Асхат Жіткеев және ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Имамбеков Ермек 2016 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2017 жылға жоспарланған жоспарды таныстырады. Сонымен қатар, конференция соңында Галбадрах Отгонцэцэгке Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері куәлігі тапсырылады. Естеріңізге…
17:03 | 14 қараша 2016
Словенияның Градек қаласында Турпал-Али Кадыровты еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының дзюдошылары 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленді. Қазақстан құрамасы 15 медальмен 25 ел арасында 3 орынмен жарысты аяқтады. Екінші күннің нәтижесі мынадай: 1 орын - Нұрбек Қуанышұлы 1 орын - Қайыржан Жүнісбек 2 орын -Бексұлтан Дүйсенов 2 орын - Бекарыс Сәдуақас…
18:49 | 13 қараша 2016
16 қараша күні Қызылордада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында кезекті Қазақстан чемпионаты және ел кубогы жарыстары басталады. Дүбірлі бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 400-ден аса спортшылар 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады (7 ер және 7 айелдер арасында). Олардың арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері, Батыс қазақстандық Азамат Мұқанов, ақтөбелік Рустам Ыбраев, биылғы Рио- де Жанейро қаласында өткен Олимпиада…
17:12 | 13 қараша 2016
Словенияның Градек қаласында Турпал-Али Кадыровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің бірінші күнінде Қазақстан құрамасының дзюдошылары 10 медальға ие болды: 1 орын - Камила Берлікаш (+70 кг) 1 орын - Нұрсұлтан Манарбекұлы (34 кг) 2 орын - Абдусамат Бақыт (50 кг) 2 орын - Жәнібек Тельман (55 кг) 2 орын - Нұрзат Салимбаев (60 кг) 2 орын - Данияр Әшімхан (66…
09:30 | 11 қараша 2016
Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг 2016 жылғы жетістіктері бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді. Екінші орынға Лондон Олимпиадасының чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, +78 келі салмақта екі дүркін әлем чемпионы кубалық Ортиз Идализ жайғасса, үздік үштікті 78 келіге дейінгі салмақта екі дүркін Олимпиада және Әлем чемпионы америкалық Кэйла Харрисон қорытындылап тұр. Галбадрах Отгонцэцэг үшін Абу-Дабиде өткен «Grand Slam»…

Әлеуметтік желідегі парақшалар